Азаматтардың   өтініштерімен  жұмыс кезінде   Әкімішілік –рәсімдік процестік кодексті  (ҚР ӘРПК) қолдану түсіндірілді

2025 жылғы 13 маусымда мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құзыреттерін дамыту шеңберінде Қазақстан Республикасының әкімшілік – рәсімдік процестік кодексі ережелерін қолдану тәжірибесі бойынша  Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы  Тексеру комиссиясының қызметкерлеріне «Азаматтардың өтініштерімен жұмыста   ҚР  ӘРПК қолдану тақырыбында оқыту өткізді.

Бағдарламаның  мақсаты - қызметкерлерде азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу кезіндегі ерекшеліктерін  түсіндіру болып табылады.

Оқытуды Қазақстан Республикасы  Әділет министрлігі Заңнама департаментінің әкімшілік заңнама саласындағы жобалау жұмыстары  басқармасының басшысы Ахметов Рустам Дастанұлы жүргізді, ол ситуациялық талдау  жасау арқылы,  рөлдік кейстер форматында өткізді,  нақты өтініш-хаттармен жұмыс жүргізілді.

Әкімшілік рәсімді қозғау,  оның  кезеңдері  және әкімшілік істі қарау сияқты  тақырыптар қаралды.

Оқу қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілер сауалнамаларға жауап берді.