Астана қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясының отырысында 2024 жылғы Астана қаласы бюджетінің атқарылуы жөніндегі есеп қаралды және бекітілді
2025 жылғы 12 маусымда Астана қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының есебі қаралды. Комиссия есебі Қаржы басқармасының Астана қаласы бюджетінің атқарылуы туралы 2024 жылғы есебіне қорытынды болып табылады.
Астана қаласының Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармалары басшыларының және Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы төрағасының баяндамалары тыңдалды.
Мәслихат депутаты Адамбеков Кендебай Сарыбайұлы елорда әкімдігінің қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған мақсатты жұмыстары туралы атап өтті.
Сонымен қатар, әкімдік пен депутаттық корпусқа жоғары инфляцияның болуы (республикалық көрсеткіштен 2,1% - ға жоғары), жылдан жылға бюджетке берешектің ұлғаюы, бюджеттің орындалмауы (0,9%), дебиторлық берешек (269,7 млрд. теңге), бюджеттік инвестициялық жобаларды дәйексіз жоспарлау (46 БИЖ- алып тасталғандығы, 146 БИЖ қосылғандығы), жергілікті атқарушы органның борышы (202,9 млрд.теңге) секілді назар аударатын мәселелер де айтылды.
Есепті қарау қорытындысы бойынша Астана қаласы мәслихатының депутаттары бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізе отырып, бұл ретте Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының сақталуын қамтамасыз етумен бюджеттік бағдарламаларды сапалы және тиімді іске асыру бойынша ұсынымдар берді.
Есепті Астана қаласы мәслихатының депутаттары бірауыздан қабылдады және бекітті.