Қалалық мәслихатта ағымдағы жылдың 2-3 маусым күндері тұрақты комиссиялардың бірлескен отырыстарында 2024 жылғы Астана қаласы бюджетінің атқарылуы туралы есеп талқыланды
2025 жылғы 3 маусым
Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырыстарында Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларының басшылары сөз сөйлеп, жергілікті бюджеттің атқарылуы, елорданың 2024 жылғы даму жоспарының индикаторларына қол жеткізу туралы баяндады.
2024 жылы бюджеттің атқарылу көрсеткіші 99,1% орындалды, орындалмау 11,8 млрд. теңгені құрады, оның ішінде жергілікті бюджет қаражаты бойынша – 9,4 млрд. теңгені; нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша-2,4 млрд. теңгені құрады.
Даму жоспарының 38 нысаналы индикаторының 19 немесе 50% -на қол жеткізілді, 6 нысаналы индикаторға немесе 15,8% - ға қол жеткізілмеді, 13 нысаналы индикатор бойынша немесе 34,2% жылдық деректердің болмауы себеп салдарынан ішінара орындалды.
Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Иманжүсіп Латкенұлы Ақпомбаев 2024 жылы бюджеттің атқарылуы экономиканың оң өсуімен жүзеге асырылғанын, сонымен қатар өңірлердің арасында елордада инфляция деңгейі ең жоғары болып тіркелгенін, ол республикалық көрсеткіштен 10,7% және 2,1% – ға (республика-8,6%) жоғары болғанын хабарлады. Азық-түлік (4,4% - ға), азық-түлік емес (7,8% - ға) және ақылы қызметтер (16,9% - ға) бағасының өсуі жалғасты. Өңірлердің рейтингінде «Негізгі капиталға сыртқы инвестициялардың үлесі» көрсеткіші бойынша Астана қаласы республика бойынша соңғы орында тұр, небәрі 4,6% құрайды.
Бюджетті орындау кезінде бюджет параметрлеріне көптеген түзетулер енгізілді, сондықтан төртінші тоқсанда бюджетке 6 өзгеріс енгізілді, бұл қаржылық рәсімдердің уақытында жүргізілуіне және бюджет қаражатының игерілуіне теріс әсер етеді.
Сондай-ақ, 15 аудиторлық іс-шараның қорытындысы қысқаша баяндалды,онда бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін қамтудың жалпы сомасы 370,3 млрд.теңгеге 48 аудит объектісі қамтылды.
Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 216,5 млрд. теңгені құрады. Оның жартысына жуығы тиімсіз жоспарлауға – 107,9 млрд.теңге немесе 49,9%, қаржылық бұзушылықтар – 67,6 млрд. теңге немесе 31,2% және тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты мен активтері – 41 млрд. теңге немесе 18,9% келеді.
Қаржылық бұзушылықтардың 33,1 млрд. теңгесі қалпына келтірілуге тиіс, оның 32,4 млрд.теңгесі қалпына келтірілді (98%), бюджетке 34,5 млрд. теңге өтелуге тиіс, оның 1,4 млрд. теңге өтелді (4,0%).
Рәсімдік сипаттағы 1 069 бірлік және жүйелік сипаттағы 168 бірлік бұзушылықтар анықталды
Спикер елордада 128 проблемалық жоба, оның ішінде 101,4 млрд.теңгеге 83 аяқталмаған бюджеттік инвестициялық жоба мен коммуналдық меншікке берілмеген 45 нысан бар екенін ерекше атап өтті.
Депутат Сергеев Владислав Алексеевич бұл мәселенің маңыздылығын атап өтіп, жұмыс тобын құруды, оның аяқталуын немесе есептен шығарылуын одан әрі айқындай отырып, әрбір жоба бойынша егжей-тегжейлі талдау жүргізуді және осы жобалардың іске асырылуын бақылауды ұсынды.
Сонымен қатар, дебиторлық берешек 2023 жылмен салыстырғанда 67,3% - ға өсіп, 269,7 млрд. теңгені құрады (161,2 млрд. теңге), Құрылыс басқармасы бойынша «Жайлы мектеп» жобасы шеңберінде мектептер құрылысын салу бойынша төленген аванстар есебінен қордаланды.
Депутат Адамбеков Кендебай Сарыбайұлы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің назарын жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігі, жергілікті бюджетке түсетін жүктеме, жергілікті атқарушы органның борышын өтеу, сондай-ақ инвестициялық жобаларды жоспарлау бойынша жол берілетін бұзушылықтарға назар аударды.
Депутат Смайылов Бауыржан Амангелдіұлы орындалмаған бюджет қаражатына (11,8 млрд.теңге) және қала аудандарын жеткіліксіз қаржыландыру кезінде бюджетті ұтымсыз қайта бөлуге наразылығын білдірді.
Депутат Гүлжамал Әлкенқызы Жапарова елордадағы сыртқы ивестициялардың төмен үлесі және осы көрсеткішті жақсарту бойынша қабылданған шаралар себептері бойынша мәселелерді көтерді, сондай-ақ Мәдениет басқармасында ведомстволық ұйымдарды субсидиялау бойынша бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдалану бөлігінде анықталған бұзушылықтарды атап өтті.