Қазақстан делегациясының Санкт-Петербургтегі АЗОСАИ жұмыс тобының отырысына қатысуы
2025 жылғы 21-24 мамыр аралығында Санкт-Петербург қаласында Ресей Федерациясының Есеп палатасы ұйымдастырған өңірлік және муниципалдық деңгейдегі аудит мәселелері бойынша Азия жоғары аудит органдары ұйымының (АЗОСАИ) жұмыс тобының отырысы өтті.
Қазақстан Республикасының атынан «Қазақстанның жоғары аудит органының өңірлік инфрақұрылымдық жобаларының аудит тәжірибесі» тақырыбында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Салықова Алмагүл баяндама жасады.
Баяндамада өңірлік деңгейдегі күрделі салымдар аудитінің нәтижелері, бюджет қаражатын игерудің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету бойынша іске асырылған тәсілдер, сондай-ақ 2020-2024 жылдар кезеңінде Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы енгізген тәжірибелер ұсынылды.
Халықаралық кездесуге Бразилия, Қытай, Үндістан, Индонезия, Иран, Қырғыз Республикасы, Малайзия, Оман және Таиландты қоса алғанда, он мемлекеттің жоғары аудит органдарының өкілдері қатысты.
Отырыс барысында қатысушылар өңірлік инфрақұрылым аудиті саласындағы тәжірибелерімен алмасты, ұлттық жобалардың жергілікті жерлерде іске асырылуын бақылау тәсілдерін талқылады, сондай-ақ жұмыс тобының негізгі құжаттарын бекітті.
Іс-шара қорытындысы бойынша Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы өңірлік деңгейде сыртқы мемлекеттік аудиттің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға бағытталған халықаралық аудиторлық практикалар бойынша құнды тәжірибе жинақтады.