Бапасөз парағы

Жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді салықтық әкімшілендіру тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындысы

2024 жылғы 24 желтоқсанда Астана қаласы Тексеру комиссиясының (бұдан әрі – Тексеру комиссиясы) кезекті отырысында жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді салықтық әкімшілендіру тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің  қорытындылары қаралды.

Салықтық әкімшілендірудің тиімділігіне жүргізілген аудит мемлекеттік кірістер органдарының салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақытында түсуін қамтамасыз ету, салықтық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі функцияларды іске асыратынын көрсетті.

Аудит нәтижелері бойынша бюджет кірісіне түсуге тиіс жалпы сомасы 625,0 млн.теңгеге қаржылық бұзушылықтар (аудит барысында бюджет кірісіне 516,1 млн. теңге түсті), бюджеттің тікелей (жанама) шығындары 482,4 млн. теңге, 61 рәсімдік бұзушылықтар мен 3 кемшілік анықталды.

Жалпы аудитпен жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдерінің жыл сайынғы ұлғаюы байқалады. Мысалы, 2022 жылы бюджетке түсетін салық түсімдерінің нақты орындалуы 556 603,6 млн. теңгені немесе есепті қаржы жылына арналған түзетілген бюджетке 107,4% құрады, бұл бюджетке түсетін түсімдер бойынша асыра орындау 29 461,1 млн. теңге көлемінде қалыптасты (бекітілген бюджетке атқарылу 143,9%  құрады).

2023 жылы өткен кезеңмен салыстырғанда салық түсімдері 183 994,2 млн. теңгеге ұлғайып, 740 597,9 млн.теңгені немесе түзетілген бюджетке 103,8%  құрады.

Мысалы, елорда бюджетіне салық түсімдері алымдарының сомасы бір жыл ішінде 33% - ға 740 597,9 млн. теңгеге дейін өсті.

Камералдық бақылау салықтық әкімшілендіру құралы болып табылады және тікелей салық органында салық есептілігіндегі қателер мен қайшылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.

Бұл ретте, камералдық бақылау шеңберінде мемлекеттік кірістер органдары жүргізетін  жұмыс көлеміне қарамастан, бірқатар кемшіліктер мен бұзушылықтар орын алады.

Аудит берешектің  өсу фактісін атап өтеді, бұл оны өндіріп алу бойынша жұмыстың орнықсыздығын көрсетеді. 2023 жылы 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда берешек сомасы 1,7 есеге өсті.

Айта кету керек, 2,0 млрд теңгеден астам сомаға жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық бойынша жалпы берешегі бар салық бұйрықтары орындалмаған.

Салық төлеушілердің 60% – дан астамы камералдық бақылау нәтижелері бойынша (2022 жылы – 50 305 ескерту; 2023 жылы-41 617 ескерту) әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған.

2022-2023 жылдары автоматтандырылған режимде КТС бойынша хабарламаларды пысықтау қорытындылары бойынша сомаларды өндіріп алудың төмен пайызы 0,3% құрады  (2023 жылы 0,1% (ұсынылған 360,0 млрд теңгеге  363,0 млн теңге ), 2022 жылы- 0,2%  (ұсынылған  1,5 трлн. теңгеге 2,8 млрд. теңге).

 

Жергілікті бюджеттің шығыны болып табылатын  3 салық төлеушіден КТС түсімі 482,4 млн теңге сомасына жергілікті бюджеттің кірісіне қамтамасыз етілмеген.

Аудит уәкілетті органдардан, департаменттен және оның аумақтық басқармаларынан тиісті мәліметтердің болмауына байланысты 4 жыл ішінде жеке тұлғаның жарғылық капиталға салым ретінде мүлікті (ақшадан басқа) беру кезінде декларацияны табыс етудің уақтылығы мен толықтығы және құн өсімінен түсетін кірісті төлеуді есептеу бойынша салық міндеттемесінің орындалуына салықтық бақылау жүргізілмегені анықталды.

21 салық төлеуші 98,6 млн теңге сомасына  20% мөлшерінде әкімшілік жауаптылыққа әкеп соққан КТС бойынша аванстық төлемдерді төлемеген.

Салық заңнамасының талаптарын: салық есептілігін ұсынбау туралы хабарламалар бермеу, салық заңнамасында белгіленген салық есептілігін ұсынбаған салық төлеушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-де көзделген мерзімдерде олардың негізінде әкімшілік ықпал ету шаралары жүргізілетін, есептелген, төленген салық сомалары мен бюджетке төленетін төлемдердің дербес шоттарын жүргізуді толық есепке алмау  және басқа да бұзушылықтар анықталды. Мұндай фактілердің болуы сомалардың жергілікті бюджетке түспеуінің теріс әсеріне әкелген.

Бұл ретте, жеке сот орындаушылар палатасымен жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салықты өндіріп алуды қамтамасыз ету жөніндегі  өзара іс-қимыл бойынша жұмыс нашар  жүргізіледі.

Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді әкімшілендіру кезінде жол берілген бұзушылықтар мемлекеттік кірістер органдарының қойылған мақсаттарын, міндеттерін, функцияларын орындау сапасының төмен тәуекелдерін тудыратынын және салық төлеушілердің міндеттілігі, әділдігі және адалдығы қағидаттарының сақталмауына ықпал ететінін атап өткен жөн.

Сонымен қатар, аудит қорытындысы бойынша аудит объектілері мен мүдделі тараптарға анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша тиісті ұсынымдар мен тапсырмалар берілді.