Баспасөз парағы
2024 жылғы 19 желтоқсанда Астана қаласы Тексеру комиссиясының кезекті отырысында Астана қаласы мәслихаты аппаратының қызметін қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың мемлекеттік аудитінің қорытындылары тыңдалды.
Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы жүргізген аудит мәслихат аппаратының мемлекеттік орган ретіндегі қызметі Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сәйкес жүзеге асырылатынын көрсетті.
Сонымен қатар, мәслихат аппаратының қызметінде бұзушылықтар сипатындағы кейбір кемшіліктерді көрсетеді, атап айтқанда, бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу, келісу және орналастыру, мәслихат аппаратының бюджетін жоспарлау кезінде бюджеттік өтінімдерді әзірлеу барысында орын алғады:
Мысалы, кейбір жағдайларда бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу және бекіту мерзімдері орындалмайды, бюджеттік өтінімдерде қамтылған есептердің негізділігі мен дұрыстығы толық көлемде қамтамасыз етілмеген.
Бұдан басқа, қызметкерлерге ынталандырушы сипаттағы ақылар (сыйақылар) төлеу үшін қорды айқындау кезінде үнемделген бюджет қаражатынан сыйақы төлеу жөніндегі талаптар сақталмайды.
Мәслихат материалдық құндылықтарды сақтау қағидалары мен шарттарының тексеру кезінде ақаулықтағы негізгі құралдарды жұмыс жағдайына келтіру жөнінде тиісті шаралар қабылдамайды.
Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 181,5 мың теңгені, оның ішінде: 122,1 мың теңге сомасында өтелуге жататын қаржылық бұзушылықтар, ықтимал шығындар – 59,4 мың теңгені құрады, 9 рәсімдік бұзушылық және 4 жүйелік кемшілік анықталды.
Отырыс қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының қаулысы қабылданып, аудит объектісіне тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар жіберілді.