Орта білім беру саласындағы еңбек пен жалақыны есепке алуды ұйымдастыру кезінде нормативтік-құқықтық актілердің сақталуының мемлекеттік аудит қорытындылары

2024 жылғы 10 желтоқсанда Мәслихат төрағасы Е. Е. Каналимовтың, Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Б.Байкеннің және мәслихат депутаттарының, мектеп директорларының қатысуымен (мектептердің бас бухгалтері зум арқылы қосылды) Астана қаласының Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өткізілді, онда орта білім беру саласындағы еңбек пен жалақыны есепке алуды ұйымдастыру кезінде нормативтік-құқықтық актілердің сақталуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары қаралды, сондай-ақ мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау  бөлімінің басшысы  Ш. Т. Байсейітова білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілер бойынша түсіндіру сипатындағы семинар өткізді.

Мемлекеттік аудит  Астана қаласының Білім басқармасында және оның ведомстволық бағынысты  8 орта білім беру  мекемесінде (№ 45, 52, 57, 62, 64, 85, 86, 87 мектептер) жүргізілді. 

Аудиторлық тексеру  іс-шараларының  қорытындылары  мемлекеттік аудит жүргізілген көптеген білім мекемелерде қаржылық тәртіптің  жеткіліксіз деңгейде қалып отырғанын көрсетті.

Мысалы,  білім беру ұйымдары қызметін қамтамасыз етуге бөлінген бюджеттік қаражатты пайдаланудың тиімділігін айқындау мақсатында  2022-2024 жылдар кезеңінде Астана қаласындағы   97 білім беру объектісінің  35  объектісін  қамти отырып немесе 36,1%, төрт аудиторлық іс-шара өтті, аудиторлық іс-шаралармен қамтылған бюджеттік қаражат пен  активтердің  жалпы сомасы 175 млрд.теңгеден асты.

Мемлекеттік аудит қорытындылары 11,4 млрд. теңгеге бұзушылықтарды  анықтады немесе қамту көлемі 6,5%, оның ішінде:  қаржылық бұзушылықтар 1,2 млрд. теңгені құрады,  қалпына келтіруге тиіс  355,9 млн. теңге (100% қалпына келтірілді), өтелуге тиіс – 881,4 млн. теңге (840,5 млн. теңге немесе 95,3% өтелді), бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау - 7,4 млрд. теңге, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану -  1,2 млрд.теңге, ықтимал экономикалық шығындар мен жоғалған пайда сомасы  1,6 млрд.теңге, сондай-ақ  601 рәсімдік және 120 жүйелік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Тексеру кезінде  жеке карт-шоттарына және ұйым қызметкерлерінің карт -шоттарына ақша қаражатын  заңсыз аудару арқылы  бюджет қаражатын ысыраптау фактілері: 2023 жылы Астана қаласы әкімдігінің «№ 25 орта мектебі» КММ, Астана қаласы әкімдігінің «Ілияс Есенберлин атындағы № 67 Гимназия»  ШЖҚ МКК. 2024 жылғы шілдеде  Астана қаласы әкімдігінің  «Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназиясы»  ШЖҚ МКК , Астана қаласы әкімдігінің «шейх Халифа бен Заид Әл-Нахаян атындағы №84 мектеп-лицейі»  ШЖҚ МКК , 2024 жылғы желтоқсанда Астана қаласы әкімдігінің  «№ 62 мектеп-лицейі» ШЖҚ МКК, Астана қаласы әкімдігінің «Сұлтанбек Қожанов атындағы № 64 мектеп-лицейі»  ШЖҚ  МКК,  Астана қаласы әкімдігінің «Мұхтар Әуезов атындағы № 86 мектеп-гимназиясы» ШЖҚ МКК,  Астана қаласы әкімдігінің «№ 45 орта мектебі» КММ анықталды.

Төрт аудиторлық іс-шара  қорытындысы бойынша 47 жауапты тұлға  әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 5,5 млн.теңгеге айыппұл салынды.

Астана қаласы мәслихатының төрағасы Е. Е. Каналимовтың тапсырмасы бойынша  2024 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің  Тізбесіне  «Орта білім беру саласындағы еңбек пен жалақыны есепке алуды ұйымдастыру кезінде нормативтік-құқықтық актілердің сақталуының мемлекеттік аудиті» аудиторлық іс-шара енгізілді.

Ұйымдар жұмысын талдау барысында 97 орта білім беру ұйымынан 71 ұйымда қызметкерлердің жалақысын аудару жөніндегі деректерге салыстырмалы талдау жүргізу арқылы талдамалық рәсімдерді қолдана отырып 73,2% қамтылды, олардың нәтижелері  мыналарды көрсетті:

- қызметкерлерге қосымша лауазымдық жалақы мен заңсыз жалақы белгілеу арқылы қоса атқару ретінде еңбек қатынастарын рәсімдеуге жол берілген  («№21 орта мектеп» КММ, «Ө. Жәнібеков атындағы №11 мектеп-лицей» КММ - 4,3 млн. теңге, «№1 мектеп-лицей» ММ, «№7 Гимназия» КММ - 1,4 млн. теңге);

-33,4 млн. теңгеге жеке карт-шоттарға ақша қаражатын заңсыз аудару жолымен бюджет қаражатын ысырап ету фактілеріне жол берілген  (№62, 64, №45,86 мектептер);

- 1С  Кәсіпорын жүйесіндегі «Қайта есептеу»  режиімін қолмен қосу  арқылы лауазымдық жалақының   мөлшерін  4,2 млн. теңгеге  арттырған:  (№62, №45,86 мектептер);

- жұмыстан босатылған жұмыскерлер мен жұмыскерлердің бала күтімі бойынша демалыста болған кезеңінде 7,6 млн. теңгеге жалақы заңсыз есептелген (№86 мектеп);

- жекелеген білім беру ұйымдары Білім басқармасының келісімінсіз басшы құрамға және бас бухгалтерге белгіленген мөлшерден тыс 47,3 млн. теңгеге сыйақылар  төленген (№ 62, 64, 45, 85 мектептер);

- басшы құрамның, педагогтер мен техникалық персоналдың сыйақыларының мөлшері арасындағы үлкен алшақтыққа жол берілген, бұл факт сыйақы  мөлшерін анықтаудағы елеулі кемшілік болып табылады (№45, 85, 86, 52,64, 57,87, 62 мектептер);

- білім беру ұйымдары ақылы қызметтер үшін жекелеген штаттық кестеге сәйкес директорларға, директорлардың орынбасарларына және бас бухгалтерлерге лауазымдық жалақының бекітілген мөлшерінен тыс 415,1 млн. теңгеге  жалақы есептеліп  төленген  (№52, 62, 64, 85, 87, 86 мектептер).

Лауазымдық айлықақыларды белгілеудің дұрыстығын, еңбекақыны есептеуді, сондай-ақ жалақыны аударудың негізділігі мен толықтығын бағалау кезінде білім беру ұйымдары қолданыстағы заңнама нормаларын дұрыс түсіндірмеуге байланысты қосымша ақыларды есептеу бөлігінде қаржылық бұзушылықтарға жол берілетінін көрсетті:

- бейіндік бағыттағы жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытқаны үшін (қазақ тілі мен әдебиеті, бастауыш сыныптар, математика мұғалімдеріне үйірмелер өткізгені үшін);

- «педагог-сарапшы» біліктілік санаты бар педагогтарға тәлімгерлік еткені үшін («педагог-зерттеуші» немесе «педагог-шебер» біліктілік санаты бар педагогтарға);

- тиісті білім деңгейі болмаған кезде магистр дәрежесі үшін педагогтерге;

- ерекше білім беру  қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істегені үшін (қосымша ақының мөлшері асыра бағаланған) және басқалар.

Сондай-ақ директор орынбасарының негізгі лауазымын оқытушылық қызметпен қоса атқару кезінде көзделген оқу жүктемесінің нормасын асыра бағалау анықталды  (№45, 57, 62, 64, 85, 87, 86 мектептер).

Аудиторлық іс – шара  нәтижелері бойынша  анықталған  қаржылық бұзушылықтардың өтелуге тиіс 139,8 млн.теңгені құрады (аудит барысында  117,7 млн. теңге өтелді  немесе 84,1%), 1,6 млрд. теңгеге ықтимал экономикалық шығындар мен жоғалған пайда сомасы анықталды, сондай-ақ 133 рәсімдік және 38 жүйелік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Аудит қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді  жою мақсатында Тексеру  комиссиясының  тапсырмалары мен ұсынымдары жолданды.