Бүгін Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясында Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы - Теңге күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
Бұл күн елдің тәуелсіздігі мен экономикалық тұрақтылығын бейнелейтін маңызды оқиға. Бұл мереке айналымға ұлттық валюта-қазақстандық теңгені енгізумен байланысты.
Ұлттық валюта күнін мерекелеу елдің экономика және қаржы саласындағы жетістіктері үшін мақтаныш сезімін оятады, сондай-ақ азаматтардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін қаржы саласында тұрақтылық пен орнықтылықты сақтаудың маңыздылығын еске салады.
Салтанатты іс-шараны ашқан Тексеру комиссиясының төрағасы Ақпомбаев Иманжүсіп Латкенұлы ұжымды құттықтап, бюджет қаражатын тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге өз үлесін қосып жүрген қызметкерлердің жоғары кәсібилігін, құзыреттілігін, сауаттылығы мен жауапкершілігін атап өтті.
Біздің қызметкерлердің еңбегі елорда мәслихаты төрағасы және Астана қаласының әкімі алғыс хаттарымен марапатталды.
Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ермек Ермекұлы Каналимов Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының қызметкерлеріне алғыс хаттарды, аудитор С. С. Мұсабаеваға мерекемен құттықтап пәтер кілтін табыстады, комиссия ұжымына амандық, қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізуді тілек білдірді.