Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының бағалаушыларды іріктеу туралы хабарландыруы
Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының «Б» корпусының бос және уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурстық комиссия құрамына енгізу үшін мемлекеттік аудит бағыты, экономикалық и қаржылық салалары бойынша бағалаушыларды іріктеуді жүргізеді.
Бағалаушылар бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар болуы, немесе персоналды басқару жөніндегі мамандары мен басқа да мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері болуы қажет.
Бағалаушы ретінде қатысуға ниет білдірген адамдар eqyzmet.gov.kz интернет-порталында тіркелуі және электрондық поштасына t.tokusheva@rkastana.gov.kz еңбек жолын растайтын құжаттарды жолдауы қажет.
Іріктеуге қатысу үшін өтінім беру мерзімдер: 2024 жылдың 14-18 қазан аралығы.