2024 жылғы 26 қыркүйекте елорда мәслихаты депутаттарының қатысуымен өткен Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысында мемлекеттік аудит қорытындылары қаралды.
2024 жылғы 26 қыркүйекте елорда мәслихаты депутаттарының қатысуымен өткен Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысында Астана қаласында қоғамдық тәртіпті қорғау саласында материалдық-техникалық қамтамасыз етуге, сондай-ақ азаматтық қорғанысы шеңберінде іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуге бөлінген жергілікті бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары қаралды.
Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы тексеру жүргізген мемлекеттік аудит объектілері: «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Астана қаласының полиция департаменті» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Полиция департаменті) және Астана қаласы әкімдігінің «Азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Азаматтық қорғаныс орталығы) қызметі ұйымдардың құрылымдық және олардың құрылтай құжаттарында бекітілген міндеттерге сәйкес атқарылатынын көрсетті. Мекемелердің қызметі Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, аудиттік талдау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы мен басқару органдары актілерінің бірқатар кемшіліктері мен бұзушылықтарын анықтады.
Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарын бұза отырып, Полиция департаменті «Астана қаласында нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу жөніндегі қызметтер» 004 бюджеттік бағдарламасы бойынша түпкілікті нәтижеге қол жеткізбеген, осылайша бюджет қаражатын жалпы сомасы 65, 3 млн. теңгеге тиімсіз пайдалануға жол берген.
Талдау арқылы негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және тауарлық-материалдық құндылықтарды жіктемелеуін талдау 113,4 млн. теңге сомасына кіріс мерзімдерін сақтамау; бухгалтерлік есеп бойынша негізгі құралдарды 41,2 млн. теңге сомасына шығыстарға жатқызу; негізгі құралдардың құнын 6,5 млн. теңге сомасына төмендетілген бұзушылықтар анықталды.
Ұйымдық-штаттық тәртіптің сақталмауы және орташа жалақыны есептеудегі бұзушылықтар анықталды, бұл 2,1 млн. теңге сомасына артық төлеуге әкеп соқтырған.
Полиция департаменті құрылымдық бөлімшелер тарапынан мониторингтің болмауы салдарынан өнім берушілер енгізген шарттық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етулерді қайтару жөніндегі шараларды қабылдамайды.
Азаматтық қорғаныс орталығы 2 нысан бойынша сенімгерлік басқару шарттарын орындау аясында Азаматтық қорғаныс саласындағы іс-шараларында олардың қызмет түріне қатысты емес шығыстарды өтеген , бұл 2023 жылы 116,7 млн. теңге сомасына жергілікті бюджеттің экономикалық шығындарына әкеп соқтырған.
Бухгалтерлік есеп саласындағы заңнаманы бұза отырып, 2023 жылға еңбек демалысы бойынша 14,6 млн. теңге сомаға резерв жасалмаған, сондай-ақ тұтынылған коммуналдық қызметтер үшін 2,5 млн.теңге сомаға өнім берушілер алдындағы және қызметкерлер алдындағы 0,6 млн. теңгеге кредиторлық берешек көрсетілмеген, осының салдарынан 2023 жылғы қаржылық есептіліктің бұрмалануына әкелген.
Сонымен қатар, балансқа негізгі қаражат ретінде кіргізілмей жалпы сомасы 3,5 млн. теңгеге сатып алынған және амортизациялық есептен 0,4 млн. теңге мөлшерінде шығарылған.
Азаматтық қорғаныс орталығы Мемлекеттік мүлік туралы заңды бұза отырып, мемлекеттік мүлікті басқару қағидаттарын бұзған, 31,6 млн теңге сомасына екі көлік пайдаланбаған, жұмыс істемейтін мүлікті 13,1 млн теңге сомасына баланстан есептен шығару жүргізілмеген, жарамдылық мерзімі 124,8 млн теңге сомаға аяқталған тауар-материалдық құндылықтарды мұқтаж мекемелердің/кәсіпорындардың балансына беру жөніндегі шаралар қабылданбаған.
Барлығы мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша жалпы сомасы 60,4 млн теңгеге бюджет қаражатын пайдалану кезіндегі қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде бюджет кірісіне 3,8 млн теңге сома өтелуге, 56,5 млн теңге сома қалпына келтіруге тиіс, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану 65,3 млн теңге соманы, экономикалық шығындар 394,2 млн. теңге соманы құрады, 4 жүйелік кемшілік және 32 рәсімдік сипаттағы бұзушылық анықталды.
Анықталған бұзушылықтардың нәтижелері бойынша Тексеру комиссиясы уәкілетті органға әкімшілік іс жүргізуді қозғау үшін 3 материал жолдады.
Отырыс қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының қаулысы қабылданды, аудит нысандарына тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар жіберілді.