Баспасөз парағы
Астана қаласы бойынша тексеру комиссиясы техникалық оқу жоспары аясында қызметкерлерге келесі тақырыптар бойынша семинар өткізді:
- "Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілікке тарту рәсімдері";
- "Мемлекеттік қызметшілердің декларацияны тапсыруы бойынша түсініктемелер"
- "Шөлейттенудің алдын алу және бақылау бойынша экологиялық даму және аудит".
Техникалық оқу барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы А. Б. Смағұлова Әдеп кодексінде белгіленген қағидаттарды түсіндірді.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлқына, ойын мекемелеріне барудан бас тартуға, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілікті қарау және мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану тәртібіне ерекше назар аударылды.
Сарыарқа ауданы Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілі бас маман Ж. А. Қалиев жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тапсыру кезіндегі кірістерді көрсетудің мерзімдері мен дұрыстығын түсіндірді (270.00-нысан).
Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі М. Н. Әлжанова Қытай Халық Республикасының Ұлттық аудиторлық кеңсесі ұйымдастырған "Шөлейттенудің алдын алу және бақылау жөніндегі экологиялық даму және аудит" халықаралық семинарының тәжірибесімен бөлісті.