Елорда мәслихатында 21-22 мамырда Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырыстарында 2023 жылғы Астана қаласы бюджетінің атқарылуы жөніндегі есеп талқыланды
Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында Астана қаласы Қаржы басқармасының басшысы Жұмаев Әліби Арыстанғалиұлы, Астана қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Ысқақов Жәнібек Қонысбекұлы сөз сөйлеп, жергілікті бюджеттің атқарылуы, елорданың 2023 жылғы даму жоспарының индикаторларына қол жеткізу туралы баяндады. Орындау көрсеткіші 2022 жылға қарағанда жақсарғанын (98,3%) және 99,5% жеткенін хабарлады. Даму жоспарының 106 нысаналы индикаторынан 71 немесе 67% - ға қол жеткізілген, 16 немесе 15,1% - ға қол жеткізілмеген, 16 нысаналы индикатор бойынша статистикалық деректер жоқ және 3 нысаналы индикатор бойынша жоспарлы мәндер көзделмегенін атап өтті.
Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Ақпомбаев Иманжүсіп Латкенұлы 2023 жылы бюджеттің атқарылуы экономиканың оң өсу динамикасын, ЖӨӨ-нің 5,2% - ға ұлғаюымен жүзеге асырылғанын хабарлады. Алайда, есепті жылы инфляция деңгейінің төмендеуіне қарамастан (2023 жыл - 109,1%, 2022 жыл – 123%) азық-түлік (108,8%) және азық-түлік емес (108,4%) тауарлар мен ақылы қызметтер (109,6%) бағасының өсуі жалғасуда деді .
Нәтижесінде инфляция аясында табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен халықтың төмен үлесінің өсуі байқалады, ол 2023 жылдың 4 тоқсанының қорытындысы бойынша 2,4% құрады (2020 жыл – 1,5%, 2021 жыл – 1,8%, 2022 жыл-2,1%).
Астана қаласы республикалық бюджеттың доноры болып табылатынына қарамастан (2023 жылы республикалық бюджетке 69,7 млрд.теңге алынып аударылған), республикалық бюджеттен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансферттер жалпы бюджет шығыстарының көлемінде 35,3% құрады, бұл бюджеттің өзін-өзі қамтамасыз етілмегендігін және жоғары тұрған бюджетке жыл сайын тәуелділіктің өсуін көрсетеді.
Елорда бюджеті шығыстарының жалпы көлемінде даму бюджеті үлесінің 2022 жылғы 31,9% - дан 2023 жылы 41,2% - ға дейін өсіп, 509,6 млрд.теңгені құрады, бұл инвестициялық жобаларды салуға қаражаттың ұлғайғанын көрсетеді.
Бұдан басқа, 13 аудиторлық іс-шараның қорытындылары (оның ішінде шоғырландырылған қаржылық есептіліктің негізгі көрсеткіштерін талдау, бағдарламалық құжаттарды іске асыруды бағалау, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру тиімділігі, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, мемлекет активтері мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бюджет қаражатын пайдалану тиімділігі) бойынша қысқаша баяндалды, олар бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің жалпы сомасы 170,4 млрд. теңгеге қамтылуымен 60 объектіде аудит жүргізілген.
Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 182,1 млрд. теңгені құрады, оның ішінде:
- қаржылық бұзушылықтар - 70,9 млрд. теңге немесе 39,0%;
- тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты мен активтері - 69,6 млрд. теңге немесе 38,2%;
- тиімсіз жоспарлау-41,5 млрд. теңге немесе 22,8%.
Сондай – ақ, рәсімдік сипаттағы -1 540 бірлік және 426 бірлік жүйелі бұзушылықтар анықталды.
66,0 млрд. теңге қалпына келтірілуге жатады, оның ішінде 64,9 млрд.теңге қалпына келтірілді (98,3%), бюджетке – 1,5 млрд. теңге өтелуге жатады, 360,7 млн. теңге өтелді (24,1%).
Сондай-ақ, баяндаушы спикер 2022 жылмен салыстырғанда дебиторлық берешек 60% - ға өсіп, 161,2 млрд.теңгені (100,6 млрд. теңге) құрағанын атап өтті.
Тұрақты комиссияның отырыстарында мәслихат төрағасы Каналимов Ерлан Ермекұлы қалыптасқан дебиторлық берешек «Жайлы мектеп» жобасы Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры қаражатының құрылысты басқару бойынша берешекердің қосылумен, сондай-ақ мемлекеттік органдардың наразылық-талап жұмыстарының бәсеңдігімен тікелей байланысты екені атап өтті.
Депутат Адамбеков Кендебай Сарыбайұлы елорданы дамыту жоспарында үш ауысымды мектептердің болуы мен оқушы орындарының тапшылығын шешуге бағытталған жекелеген нысаналы индикаторлардың жоқтығын, сондай-ақ 2022 жылмен салыстырғанда 15,8 млрд.теңгені құрайтын берешек көлемінің ұлғайғаны туралы атап өтті.
Депутат Смайылов Бауыржан Амангелдіұлы Құрылыс және Отын-энергетика кешенінің екі басқармасына тиесілі 4,2 млрд. теңге сомасында бюджет қаражатын игермеу немесе игерілмеудің жалпы сомасының 72% - ы туралы мәселені көтеріп, «Неге біз бұл қаражатты басқа әлеуметтік қажеттіліктерге мұқтаж бюджеттік бағдарламалардың басқа әкімшілеріне қайта бөлмейміз» деген мәселені көтерді.
Сондай-ақ, басқа да қалалық мәслихат депутаттар газдандыру, мектеп салу, инвестициялық жобаларды жоспарлау, ай сайынғы қаржыландыру жоспарын, азық-түлік бағасының өсуі және көкөніс қоймаларынынң құрылысын салу, сондай-ақ сыртқы инвестициялардың төмен үлесі мәселелері бойынша мәселелерді көтерді.