«Астана-Өрнек» ЖШС және «Астана - Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқару тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы
2024 жылғы 16 мамырда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының (бұдан әрі – Тексеру комиссиясы) кезекті отырысы өтті, отырыста «Астана-Өрнек» ЖШС және Астана - Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқару тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары қаралды, аудит жалпы осы ұйымдар жүзеге асыратын қызметтің сәйкес келетіндігін көрсетті, олардың құрылтайшы және жоспарлы құжаттарында айқындалған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес келеді және негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштерін бағалау олардың қаржылық-экономикалық жағдайының тұрақтылығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, аудит ұйымдардың қызметінде белгілі бір кемшіліктердің және тексерілген кезеңде жіберілген жекелеген бұзушылық фактілерін анықтады.
«Астана-Өрнек» ЖШС (бұдан әрі - Серіктестік)
Серіктестік қызметін жоспарлау кезінде мынадай бұзушылықтар мен кемшіліктерге жол берілген:
- «Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ тарапынан Серіктестікке оның қызметінің мақсаттары, міндеттері мен негізгі көрсеткіштері жеткізілмеген;
- Даму жоспарында сапа көрсеткіші тікелей нәтиженің көрсеткіші болып табылатын ұйым құрған сатылған өнімнің сандық сипаттамасы көрсетілген;
- Серіктестіктің тікелей және түпкілікті нәтиже көрсеткіштерінде сандық сипаттамалар жоқ;
- Серіктестіктің орта және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін ашатын жеке құжат жоқ.
Сондай - ақ аудит Серіктестіктің ішкі бақылау жүйесінің бұзушылықтары мен кемшіліктерінің бар екенін көрсетті:
- Серіктестіктің заңнамасы мен жарғысын бұза отырып, барлық ішкі құжаттарды Серіктестіктің директоры жеке-дара бекітеді, ал Жарғының талабына сәйкес көптеген ішкі құжаттарды бекіту Серіктестік құрылтайшысының айрықша құзыретіне жатқызылған;
- Серіктестік Жарғысында Серіктестік органдары арасында ішкі құжаттарды бекіту және келісу бойынша олардың сипаты мен маңыздылығына қарай құзыреттерді бөлудің болмауы қызметтің жеделдігі төмендетілген және Серіктестіктің Байқау кеңесінің әлеуеті пайдаланылмаған;
- аудит кезеңінде Серіктестіктің жалғыз қатысушысының шешімімен құрылған Серіктестіктің Байқау кеңесінің отырыстары өткізілмейді және тиісінше олар белгіленген міндеттер жүзеге асырылмаған;
- заңнаманы бұза отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет функциясын басқа құрылымдық бөлімшелердің функцияларымен ұштастыруға жол берілген, оның тәуелсіздігінің тиісті деңгейі қамтамасыз етілмеген;
-әкімшілік-басқарушы персонал мен өндірістік персонал қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу арасындағы сәйкессіздіктерге және артық төлемнің жекелеген фактілеріне әкеп соққан Басқару органы мен Байқаушы кеңес тарапынан еңбекақы төлеуді, штат санын және ұйымдық құрылымды ішкі бақылаудың тиісті деңгейі қамтамасыз етілмеген;
- бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік деректерінің бұрмалануына жол берілген.
Бұдан басқа, Серіктестік қызмет көрсететін 8 нысанды орталықтандырылған жылытуға ауыстырмау нәтижесінде жергілікті бюджеттің экономикалық шығындары 590 461,4 мың теңгені құрағаны анықталды.
Астана - Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ Астана - Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам)
Тексерілген кезеңде Қоғам қызметін жоспарлау кезінде мынадай бұзушылықтар мен кемшіліктерге жол берілген:
- «Астана қаласының Оын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ тарапынан Қоғамның 2023-2027 жылдарға арналған қызметінің мақсаттары, міндеттері мен негізгі көрсеткіштері жеткізілмеген;
- Қоғамды дамыту жоспарында сапа көрсеткіштері тікелей нәтиженің көрсеткіші болып табылатын ұйым құрған сатылған өнімнің сандық сипаттамаларын көрсеткен. Қоғамның Даму жоспарында түпкілікті нәтиже көрсеткіштері жоқ;
-Даму стратегиясының кемшілігі «Инвестициялық қызмет» Даму стратегиясының бөлімі, дамудың негізгі көрсеткіштері мен түйінді нысаналы индикаторлар арасында өзара байланыс (Даму стратегиясында көзделген жобалардың түйінді нысаналы индикаторларға қол жеткізуге әсер етуінің қандай да бір есептеулері немесе басқа негіздемелері жоқ), сондай-ақ Даму стратегиясын іске асыру бойынша есептілік болмаған, өйткені бұл тиісті Даму стратегиясы ұзақ мерзімді жоспарлау құралы ретінде қолданылған.
Сондай ақ аудит Қоғамның ішкі бақылау жүйесінің бұзушылықтары мен кемшіліктерінің болуын көрсетті:
- Қоғамның Директорлар кеңесі аудит кезеңінде Даму стратегиясының орындалуы туралы есеп бөлігінде Жарғыда айқындалған айрықша құзыретті жүзеге асырмаған;
- комплаенс-офицер туралы Ережеде көзделген жекелеген құжаттар (сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі іс-шаралардың ішкі жоспары және квазимемлекеттік сектор субъектісі қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу фактілері немесе ықтимал бұзушылықтары туралы хабардар ету тәртібін регламенттейтін құжат) әзірленбеген;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет әзірлеген жекелеген ішкі құжаттар Директорлар кеңесінің келісімінсіз Қоғам Басқармасының шешімімен бекітілген;
- еңбекке ақы төлеу ішкі бақылаудың тиісті деңгейі қамтамасыз етілмеген, бұл артық төлеудің жекелеген фактілеріне алып келген, сондай-ақ Қоғамның басшы құрамының жиі ауысуы кезінде қолданыстағы еңбекке ақы төлеу жүйесі жалпы сомасы 40 540,0 мың теңгеге қосымша шығындарға алып келген;
- бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік деректерінің бұрмалануына жол берілген.
Жалпы аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 132 525,9 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар, оның ішінде өтелуге тиіс 132 080,8 мың теңге (аудит барысында 1 891,2 мың теңге өтелді) және қалпына келтіруге тиіс 445,1 мың теңге (аудит барысында 445,1 мың теңге қалпына келтірілді), бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану – 2 079 128,6 мың теңге, ықтимал шығындар мен жоғалған пайда сомасы- 631 001,4 мың теңге, 34 рәсімдік бұзушылықтар және 15 жүйелік кемшіліктер анықталды.
Аудит нәтижелері бойынша Тексеру комиссиясы 5 факті бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін материалдарды тиісті органдарға жіберді.
Аудит қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою мақсатында Тексеру комиссиясы әзірленген тапсырмалар мен ұсынымдар жіберді.