Баспасөз парағы
2024 жылғы 14 мамырда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысында Астана қаласы мәслихаты депутаттарының қатысуымен Астана қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасы (бұдан әрі – Цифрландыру басқармасы) және оның ведомстволық бағынысты ұйымы «Қалалық мониторинг және жедел ден қою орталығы» ШЖҚ МКК (бұдан әрі - Қалалық мониторинг орталығы, Кәсіпорын) Кәсіпорнының цифрландыру саласында мемлекеттік бюджет қаражаты мен активтерін пайдалану бөлігінде, сондай-ақ елорда тұрғындарының тыныс-тіршілігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» Ұлттық жобасын іске асыру тиімділігіне мемлекеттік аудиті» қорытындылары талқыланды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 727 қаулысымен бекітілген (ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 828 қаулысымен күші жойылды) «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс Ұлттық жобасының (бұдан әрі-Технологиялық серпіліс ҰЖ) іске асырылуын талдау жергілікті атқарушы органның басқармалары жоба шеңберінде елорда деңгейінде қала кәсіпорындары 13 міндет бөлінісінде 5 бағыт шеңберінде 17 нысаналы индикатор іске асырылығаны анықталды.
2023 жылғы рейтинг қорытындылары бойынша Қазақстан өңірлері арасында «Ақылды қалалар» құру және дамыту бойынша Астана қаласы бірінші орында тұр, 70% жоспарлы мәнімен 82% нәтижеге қол жеткізген.
2022 және 2023 жылдардағы есептік деректерді аудиттік тексеру 2022 жылғы даму жоспарын іске асыру туралы есепте көрсетілген мәліметтермен екі нысаналы индикатор бойынша сәйкессіздіктер анықталды. Сондай-ақ, 2022 жылы 4 нысаналы индикаторға қол жеткізілмегені атап өтілді, 2023 жылы 6 көрсеткішке қол жеткізілген жоқ, 2 индикатор бойынша статистикалық деректер қалыптастырылмады.
Цифрландыру басқармасы қол жеткізген «Бейнебақылау камераларының санын ұлғайту» нысаналы индикатор бойынша 2023 жылы есепті деректердің нақты деректермен алшақтығы анықталды. Есепте жоспар бойынша 2 051 бейнекамералар санын 3 377-ге дейін ұлғайту туралы көрсетілген, ал 2023 жылы барлығы 1000 бірлік көлемінде өз камераларын сатып алу жүргізілген, бұл ретте 2 377 бейнекамерамен қамтамасыз етуге бейнебақылау жүйесінің қызметтеріне шарт жасалмаған.
Цифрландыру басқармасында жүргізілген мемлекеттік аудит Басқарманың жылдық және тоқсандық жоспарлары түріндегі ұзақ мерзімді перспективасының болмауы, құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін дұрыс жасамау түріндегі стратегиялық құжаттардың уақытында әзірленбегенін көрсетті.
Тікелей және түпкілікті көрсеткіштерді дұрыс бекітпеу салдарынан бюджеттік бағдарламалардың сапасыз әзірленуі байқалады, бұл бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді жасау кезінде есепті деректердің бұрмалануына жанама әсер етеді. 005 «Инновациялық қызметтерін дамытуды камтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша ауытқулар 5 тікелей көрсеткіш бойынша анықталды, ал соңғы нәтиженің мәні 2022 және 2023 жылдардағы есептерде мүлдем көрсетілмеген.
Бюджет заңнамасының қағидаттарын сақтамау, бөлінген бюджет қаражатын негіздеу үшін есептерді толық ұсынбау жалпы сомасы
4 209,9 млн.теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлауға алып келген.
Мысалы, 2023 жылы «Астана Innovations» АҚ ведомстволық бағынысты ұйымына қызмет көрсетуге бюджет қаражатын жоспарлау бойынша 1 472,3 млн.теңге сомасына бюджеттік өтінім адам -сағатқа дұрыс емес тарифтерді қолданумен, баға ұсынысы түрінде ұсынылған. Ал бюджеттік өтінімді жасау ережелеріне сәйкес белгілі бір қызмет көрсетуге байланысты ведомстволық бағынысты кәсіпорынның шығындарын жоспарлау және декодтау қажет болған.
Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға қайшы келетін жағдайларда шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен шарттарды негізсіз жасасу түріндегі бұзушылықтар жүйелі орын алады, бұзушылыққа веб-порталда белгіленген форматты-логикалық бақылауды қолдану жөніндегі шарттар жасасу талаптарын сақтамау себебінен жол берілген, барлығы аудитпен көрсетілген 11 факт анықталды.
Бухгалтерлік есеп жүйесінде материалдық емес активтердің баланстық құнын ұлғайту жөніндегі операцияларды көрсетпеу қаржылық бұзушылықтарға алып келген, оларды модификациялау және жаңғырту кезінде жалпы сомасы 394,5 млн. теңгеге, оның ішінде «Birge» краудсорсингтік платформасы - 238,5 млн.теңге және «Цифрлық сервистер витринасы» платформасы - 156,0 млн. теңгеге жол берілген.
Шарттық міндеттемелердің орындалуының дұрыстығын тексеру арқылы кейбір қызметтердің қайталануы және ведомстволық бағынысты Кәсіпорынға өз функцияларын заңсыз беру, сондай-ақ қызметтердің орындалмаған көлеміне ақы төлеу салдарынан, жалпы сомасы 90,2 млн.теңгеге бюджет қаражатын негізсіз пайдалану анықталды.
Қалалық мониторинг орталығында мемлекеттік аудит кезінде басқару органымен қызметті реттейтін құжаттарға уақтылы өзгерістер енгізбеу бойынша ұқсас бұзушылықтар атап өтілді, атап айтқанда Кәсіпорынның жарғысында 2023 жылғы қаңтардан бастап жаңадан құрылған жобалық Басқарма департаменті қызметінің түрлері мен мәні көрсетілмеген, бұл ретте оның жекелеген өкілеттіктері мен міндеттері талдау департаментінің және кәсіпорынның сапасын бақылаудың кейбір функцияларымен бірдей.
Құрылымдық бөлімшелердің ережелері, жекелеген қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарының ұйымдық құрылымдық өзгерістерге және елорда атауы өзгеруімен байланысты өзгертілмеген.
Елорда тұрғындарына қызмет көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз ету бойынша жаңа тәсілдерді енгізуді ескере отырып, Астана қаласы тұрғындары тіршілігін қамтамасыз ету қызметтері Басқарманың 2018 жылғы Регламентінде өзектендірілмеген.
Даму жоспарлары мен оларды іске асыру жөніндегі есептерді талдау оларды жасау және бекіту жөніндегі талаптардың сақталмайтынын көрсетті, атап айтқанда басқару органы – Цифрландыру басқармасы Кәсіпорынға жергілікті атқарушы органның мақсаттарына қол жеткізуге әкелетін ұйым қызметінің міндеттері мен негізгі көрсеткіштерін жеткізбеген.
Қалалық мониторинг орталығы лауазымдық жалақының ең жоғары шегі бойынша еңбекақы төлеу қорын бекіту нәтижесінде алынған үш жыл ішінде жалпы сомасы 1 267,5 млн.теңгеге еңбекақы төлеу қорын жасанды үнемдеу түрінде мемлекет активтерін тиімсіз жоспарлауға және пайдалануға жол берілген.
Сонымен қатар, департамент директорлары, олардың орынбасарларының, бас менеджерлердің, консультанттар менеджерлердің, талдаушылардың және басқа да орта буын қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларын белгілеу жөніндегі өлшемшарттар мен талаптардың әзірленіп және бекітілген жүйесі жоқ.
Қаражатты мақсатсыз пайдалану 17,2 млн.теңге сомасында ақшалай қаражатты негізсіз пайдалануға, өндірістік және әкімшілік персоналдың негізгі жалақысын ұлғайтуға бөлінген, сондай-ақ шарттық міндеттемелерді орындамауға әкелген. Сондай-ақ, артық шығындарға әкеп соқтырған Астана қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелеріне іссапарға жіберілген Кәсіпорынның 10 қызметкерінің еңбекақысына 21,4 млн.теңге сомасына ақы төлеумен байланысты болған.
Жалпы аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 501,9 млн. теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: қалпына келтіруге тиіс 394,5 млн. теңге (аудит барысында толық қалпына келтірілді) өтеуге тиіс 107,5 млн. теңге ( аудит барысында толық өтелді), мемлекет активтерін тиімсіз жоспарлау - 4 212,2 млн. теңге, мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану-3 083,1 млн. теңге, ықтимал шығындар 0,7 млн. теңгені құрады, сондай-ақ 47 рәсімдік бұзушылық және 20 жүйелік кемшіліктер ашылды.
Сонымен қатар, аудиторлық іс-шара барысында лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілік заңдылығының бұзушылықтарын растайтын 20 факт анықталды.