«Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» ММ-де мемлекеттік қызметшілермен «Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдепті сақтау бойынша қойылатын негізгі талаптар» тақырыбында өткен техникалық оқу
Ағымдағы жылдың 6 ақпанында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілі С. Т. Мұқановтың Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен «Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдепті сақтау бойынша қойылатын негізгі талаптар» тақырыбында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академияның Ғылыми кеңесі (2024 жылғы 8 қаңтардағы №10 хаттама) әзірлеген және ұсынған Қазақстан Республикасының Әдеп кодексіне түсініктемелерді түсіндіре отырып, техникалық оқу өткізілді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын белгілейді және қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастардың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және парасаттылық ахуалды құруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдепті емес мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.
Техникалық оқу барысында мемлекеттік қызметші қызметінің жоғары маңызын айқындайтын және оған ерекше жауапкершілік жүктейтін, сондай-ақ мемлекеттік қызметшіге жоғар ы талаптар қоятын Әдеп кодексінде белгіленген қағидаттар түсіндірілді. Бұл ретте әрбір мемлекеттік қызметші өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен адалдықты жеке пайдасынан жоғары қоюға міндетті.
Мемлекеттік қызметшінің жеке жетілуі жалпы қоғамдағы өзгерістердің бастамасы болуға тиіс. Ол үшін мемлекеттік қызметшілердің әрқайсысы моральдық-адамгершілік жеке және кәсіби қасиеттерін дамытуы керек, оның нәтижелері оның күнделікті қызметінде көрінуі керек.
Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілі С. Т. Мұқанов қызметтен тыс уақытта мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқына ерекше назар аударуды, олар өз кезегінде жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларды ұстануға, қарапайымдылық танытуға, тиісті қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға және қоғамға қарсы мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге ерекше назар аударды.