Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымдарына спортты дамытуға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары

2023 жылғы 27 желтоқсанда мәслихат депутаттарының қатысуымен Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының (бұдан әрі – Тексеру комиссиясы) кезекті отырысы өтті, онда Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымдарына спортты дамытуға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит  қорытындылары қаралды.

Аудиторлық іс-шараның қорытындылары аудит объектілері спортты дамыту саласында жалпымемлекеттік саясатты жүргізуге бағытталған белгілі бір жұмыс жүргізіп жатқанын куәландырады. Ведомстволық бағынысты балалар-жасөспірімдерге арналған спорт мектептері жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін спорт резервінің келешек күштерін дайындайды. Астана қаласының құрама командасында тұрған жүлдегер спортшылар жыл сайын ел ішінде де, одан тыс жерлерде түрлі деңгейдегі спорттық іс-шараларда марапаттар мен жетістіктердің санын көбейту үстінде.

Сонымен қатар, жоғары білікті спортшыларды қолдау және тәрбиелеу үлкен еңбек және материалдық ресурстарды қажет етеді.  

Тексеру  Дене шынықтыру және спорт басқармасында (бұдан әрі – Спорт басқармасы) және оның 10 ведомстволық бағынысты ұйымдарында, оның ішінде: олимпиадалық және олимпиадалық емес түрлер бойынша спортты дамыту жөніндегі екі дирекцияда (бұдан әрі - Дирекциялар) және сегіз спорт мектебінде (№1 БЖСМ, №2 БЖСМ, №3 БЖСМ, БЖСМ №5, №7 БЖСМ, №8 БЖСМ,
№9 БЖСМ, №10 БЖСМ )
жүргізілді.

Сонымен қатар, басқарушылық шешімдер қабылдаудың тиімділігіне әсер ететін іс-шараларға жүргізілген талдау тексерілген объектілердің жұмысында бірқатар бұзушылықтар мен кемшіліктердің орын алатынын көрсетті.

Мекеме Жарғысын, бөлімдер туралы Ережелерді және спорт ұйымдарының қызметін реттейтін басқа да ішкі құжаттарды уақытында өзектендіріліп іске асырылмайды.

Спорт басқармасы қызметін талдау спортшыларды даярлау бөлігінде оқу-жаттығу процесінің дұрыс жүргізілмейтін ұйымдық құрылымын көрсетті, бұл 18 жасқа жеткенге дейін балалар мен жасөспірімдерді спорт мектептеріне бастапқы қабылдауды көздейді, одан кейін перспективалы спортшыларды елордада жоқ Жоғары спорт шеберлігі мектебіне тапсырады.

Бұл ретте, екі Дирекция құрылды, алайда олардың қызметі қолданыстағы заңнамада көзделмеген және регламенттелмеген.

Спорт басқармасы Астана қаласының құрама командаларының мүшелерін даярлауды қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды аталған Дирекциялардың Жарғыларында қайталап көрсеткен.

Бюджет жүйесінің қағидаттарын бұза отырып, Спорт басқармасы
1 225,1 млн. теңге сомасына оқу-жаттығу процесін жүзеге асырмаған жағдайда, екі Дирекцияда жоғары сапалы оқу-жаттығу процесін тікелей қамтамасыз еткені үшін қосымша ақы төлеуге, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлауға және одан әрі пайдалануға жол берген.

Сол сияқты, 1 131,2 млн.теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлауға және пайдалануға типтік штат нормаларын бұза отырып, Дирекциялар аға жаттықтырушыларының штат санын көбейтуге байланысты (529,2 млн. теңге), сондай-ақ спорт үй-жайлары мен залдарды жалға алу ақысын төлеуге (602,0 млн. теңге) жол берген.

Активтерді сатып алу бойынша бюджеттік өтінімді талдау
7 312,6 млн.теңгеге, оның ішінде ипподром (6 862,8 млн. теңге), 100 велосипед және 9 велосипед станциясы (200,0 млн. теңге), жалға алынған бассейнге арналған хронометраж (249,9 млн. теңге) бойынша бюджет қаражаты тиімсіз жоспарланған.

Аудитпен ұйымдардың қызметкерлеріне 43,2 млн. теңге сомаға ынталандырушы үстемеақылар, жалақының негізсіз есептелуі анықталды.  Бұл ретте, №8 БЖСМ бас бухгалтері А.З. Ермағамбетованың жеке карт-шотына 41,5 млн. теңге сомасында (оның ішінде аудиттелетін кезеңде 18,7 млн. теңге) ақшалай қаражатты заңсыз аудару фактісі  анықталды.

Іссапар шығыстарын өтеу кезінде қаражатты жұмсау нормалары мен талаптарының сақталмауы 16,9 млн.теңгеге бюджет қаражатын негізсіз пайдалануға, сондай-ақ 68,2 млн. теңге сомаға бюджеттің ықтимал шығындарына әкелген  (Дирекциялар, №1 БЖСМ, №5 БЖСМ, №9 БЖСМ).

Бұдан басқа, Дирекциялар спорт түрлерінің Тізіліміне енгізілмеген
16 спорт түрін дамытуда, бұл 20,2 млн.теңге сомасында бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануға әкелген.

Барлық ведомстволық бағынысты ұйымдардың қаржылық есептілік деректерін бұрмалау фактілері бар, тиісті деңгейде бухгалтерлік есеп жүргізілмейді, тауарлық-материалдық құндылықтар мен дәрілік заттардың артық және жетіспеуі анықталды, бастапқы құжаттама жоқ.

Дирекциялар мен спорт мектептерінде (№1 БЖСМ, №3 БЖСМ, №5 БЖСМ, №7 БЖСМ, №8 БЖСМ, №9 БЖСМ, №10 БЖСМ) пайдаланылатын активтерді бақылау тексерулері құны 237,2 млн.теңге 609 бірлік мөлшерінде олардың тиімсіз пайдаланылғанын куәландыратын негізгі құралдардың тоқтап қалу фактілерін анықтады. Мысалы, №9 БЖСМ құны 200,7 млн. теңге болатын 58 дана лақтыру машинасын пайдаланбайды.

Жүргізілген жөндеуді бақылау арқылы №7 БЖСМ-де паркет еденін жайластыру бойынша орындалмаған жұмыс көлемі үшін 5,1 млн. теңге сомасына негізсіз шығыстар белгіленген.      

Сондай-ақ, барлық объектілерде мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзушылығы орын алады (сатып алу тәсілін сақтамай, жеткізушілерді жосықсыз деп танымай, спорттық құралдарының жоғары құны бойынша сатып алу).

Аудит кейбір спорт мектептеріндегі оқушылардың өнімділігінің төмен көрсеткіштерімен және заңнама нормаларын сақтамаудың басқа да фактілерімен көрсетілген оқу процесі әлсіз ұйымдастырылуын белгіледі. Мысалы, № 9 БЖСМ-де стендтік ату мен оқ атуды дамытуда қаруын
4 бірлікке сақтауға рұқсаттың жоқтығы анықталды.

Белгіленген қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 240,8 млн. теңгені құрады, оның ішінде: қалпына келтіруге жататын 149,4 млн. теңге (аудит барысында толық қалпына келтірілген), өтеуге тиіс 91,5 млн. теңге (оның ішінде аудит барысында өтелген 65,9 млн. теңге), мемлекет активтерін тиімсіз жоспарлау - 9 176,7 млн. теңге, мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану-
8 493,2 млн. теңге, ықтимал шығындар мен жоғалған пайда - 3,5 млн.теңгені құрады, сондай-ақ 239 рәсімдік бұзушылықтар мен 74 жүйелік кемшіліктерді анықтады.

Аудит нәтижелері бойынша 45 факті бойынша лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 2 факт бойынша материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді.

Аудит қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою мақсатында Тексеру комиссиясы әзірленген тапсырмалар мен ұсынымдар жіберді.