Баспасөз парағы
2023 жылғы 13 желтоқсанда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің превенция басқармасының аға офицері Гүлназ Сағандықова сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жағдайларын болдырмау мақсатында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша одан әрі жүргізілетін шаралар, қаржылық бақылау органдарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептер кешені түсіндірілді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шараларын тиімді пайдалану жөнінде бірқатар ұсынымдар енгізілді.
Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасымен таныстырды.
Сондай-ақ, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті превенция басқармасының аға офицері Гүлназ Сағандықова «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ережелерін түсіндірді.