«Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы қызметініңи 2023 жылғы 3 тоқсандағы қорытындылары» мақала

Мемлекет экономикасын тиімді басқару бюджет қаражатын жоспарлау, пайдалану және бақылау элементтері арасындағы жүйелі талдау негізінде қамтамасыз етіледі. Басқарудың маңызды құралы мемлекеттік аудит болып табылады.

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органы ретінде www.rkastana.gov.kz сайтында  орналастырылатын тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің бекітілген Тізбесі негізінде жергілікті бюджет қаражатын, мемлекет активтерін және квазимемлекеттік сектор субъектілерін басқару мен пайдаланудың тиімділігіне талдау және бағалау жүргізеді

2023 жылдың 3 тоқсанында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы 3 аудиторлық іс – шара бойынша отырыстар өткізді, онда 14 объект қамтылды, оның ішінде мемлекеттік мекемелерде – 9, квазимемлекеттік сектор объектілерінде - 5.

Аудитпен қамтылған қаражат көлемі 96 219,8 млн. теңгені құрады, бұзушылықтар 132 516,0 млн. теңгеге анықталды (қамтудан асып түседі, өйткені шоғырландырылған қаржылық есептілік аудиті және салықтық емес түсімдердің толықтығы мен уақтылығы аудиті кезінде қамту көзделмеген), оның ішінде:

1) қаржылық бұзушылықтар - 65 851,4 млн. теңге, олар бюджетке өтелуге және/немесе құжаттарды сәйкес келтіру және/немесе жұмыстарды орындау арқылы қалпына келтіруге жатады;

2) бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану - 48 444,1 млн. теңге;

3) тиімсіз жоспарлау - 18 220,5 млн. теңгені құрады.

Бұдан басқа, аудит объектілерінің қызметінде 1053 рәсімдік бұзушылық және 254 жүйелік кемшілік анықталды.

Бүгінгі күні қаржылық бұзушылықтардың мерзімдері келіп түскен
1 624,3 млн.теңгенің 211,5 млн. теңгесі (13%) өтелді, 60 806,6 млн. теңгенің
46 695,9 млн. теңгесі (76,8%) қалпына келтірілді.

Жалпы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары есепті кезеңде бюджетке салықтық емес түсімдерді қамтамасыз ету бойынша бұзушылықтар мен кемшіліктерге жол берілгенін, бюджет қаражаты мен мемлекеттік мүлікті тиімді пайдалану қағидатын сақтамау, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштерін дұрыс айқындамау, бюджеттік өтінімде негізделген есеп айырысулардың болмауы, бухгалтерлік есепті тиісінше жүргізбеу фактілері сақталғанын көрсетті.

Мектепке дейінгі және орта білім беру, сондай-ақ білім беру ұйымдарында оқушыларды тамақтандыру саласындағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру тиімділігінің аудиті мемлекеттік кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қорын жергілікті атқарушы органның бекітуі бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының талаптарын сақтамағанын көрсетті. Мысалы, лауазымдарды қоса атқару кезінде нормативтен тыс педагогикалық жүктемелер негізсіз бөлінген («№6 Гимназия» ШЖҚ МКК, «№ 21 орта мектеп»  КММ), біліктілік талаптарына сай келмейтін қызметкерлерді лауазымға тағайындау фактілері («№81 Astana English School Халықаралық мамандандырылған гимназиясы» КММ), бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептің жай-күйі аудит объектілеріндегі есептілік төмен деңгейде қалып отыр («№29 «Ақ қайың» бөбекжайы» МКҚК, «№36 «Балапан» бөбекжайы»  МКҚК, «№88 «Баян Сұлу» бөбекжайы» МКҚК, «№ 6 Гимназия» ШЖҚ МКК, «№ 21 орта мектеп» КММ,
«№81 Astana English School Халықаралық мамандандырылған гимназиясы» КММ).
Бұдан басқа, жекелеген ұйымдарда жекелеген лауазымдардың штат бірліктері қажетсіз жоспарланған («Райымбек батыр атындағы № 50 «Қазғарыш» мектеп-лицейі» КММ, «№81 Astana English School Халықаралық мамандандырылған гимназиясы» КММ, «№21 орта мектеп» КММ, №88 «Баян Сұлу» бөбекжай-бақшасый МКҚК) фактілер орын алған.

Мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелерінде оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бөлігінде мынадай фактілер анықталды:
1) Бекітілген бала мәзірінің рационына енетін тамақ өнімдерінің жекелеген түрлерін есепке алмаған («Райымбек батыр атындағы № 50 «Қазғарыш»
мектеп-лицейі» КММ, «№ 21 орта мектеп»  КММ);
2) №81 гимназияда  1-4 сынып оқушыларына тегін тамақтандыру ұйымдастырылмаған; 3) 1-4 сынып оқушыларына ыстық тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерге негізсіз ақы төлеу («№21 орта мектеп»КММ) фактілеріне жол берілген.

Астана қаласының Білім басқармасы орта және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыруға тиісті бақылауды жүзеге асырмайды, бұл қызметтердің тиісінше көрсетілмеуіне әкеп соғады, атап айтқанда тамақтандырудың сапасына және көрсетілген қызметтер үшін негізсіз төлемдерге әсер етеді.

Мемлекеттік органдардың салықтық емес түсімдердің толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз ету тиімділігіне  Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасында жүргізілген аудит 127,7 млн.теңгеге жер учаскелерін сатып алудың 18 шарты бойынша бюджетке түсімдер қамтамасыз етілмеген, бұл бюджеттің жанама шығындарына әкеп соқтырған.

Сондай-ақ, Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы жалдау ақысын енгізу бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау (жалға алу) шарты бойынша жалдаушылардың жалпы көлемінің тек 3-6% ғана қамтиды, бұл жергілікті бюджетке салықтық емес төлемдер түсімдерінің толықтығы мен уақтылығы мәселесінде елеулі кемшілік болып табылады. Бұдан басқа, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау (жалға алу) шарттары бойынша жалдау төлемдерін және 2021-2022 жылдарға арналған жекешелендіру төлемдерін 19,5 млн.теңгеге мерзімінде төлемеу фактілері анықталды.

«Астана ветеринарлық қызмет»  ШЖҚ КМК-да жүргізілген аудит мемлекет активтерін 64,2 млн.теңгеге (зиянды еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы төлеуге) тиімсіз пайдалануға және жануарларды ұстау бойынша нақты көрсетілмеген қызметтер үшін 15,3 млн. теңгеге бюджет қаражатын негізсіз пайдалануға жол берілгенін анықтады. Сонымен қатар, 52,1 млн.теңгеге 3 жиынтық көлемінде жиналмалы ангарларды тиімсіз пайдалану анықталды.

Тексеру комиссиясының отырыстарына тұрақты негізде мәслихат депутаттары шақырылатынын атап өткен жөн, онда проблемалық мәселелер көтеріледі, аудит объектілері қызметінің сапасын арттыруға бағытталған ескертулер мен ұсыныстар талқыланады.

Өткізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша ақпарат Астана қаласының мәслихат төрағасына және әкіміне жіберіледі, сондай-ақ ведомстволық сайтта орналастырылады.

Есепті кезеңде Тексеру комиссиясы барлық бұзушылықтар бойынша мүдделі ұйымдарға 100 тапсырма және 70 ұсыным жіберілді, олардың орындалуы белгіленген мерзімдерге сәйкес тұрақты бақылауда тұр.

Сонымен қатар, жол берілген бұзушылықтар үшін 57 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Уәкілетті органдарға қарау және шешім қабылдау үшін 105 факті бойынша әкімшілік материалдар жіберілді, оның
92 фактісі бойынша - 5,7 млн.теңге сомасына айыппұл салумен заңды тұлғалар мен аудит объектісінің лауазымды тұлғалары тартылды, 12 факті бойынша - әкімшілік іс жүргізу қарау сатысында, 1 факті бойынша - әкімшілік іс жүргізуді қозғаудан бас тартылды.

Сондай – ақ Тексеру комиссиясы 15 әкімшілік істі өз бетінше қозғады: оның ішінде 14  іс қаралып, жалпы сомасы 2,7 млн.теңгеге айыппұл салынды,
1 іс-қарау сатысында.

Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілерінің болуына байланысты рәсімдік  шешімді қарау және қабылдау үшін Астана қаласының прокуратурасына 4 материал  жолданды.

Мемлекеттің бюджет қаражаты мен активтерін пайдаланудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзушылықтардың алдын алу және азайту мақсатында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы елордада қаржылық тәртіпті нығайту жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады.

«Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» ММ