Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысы өтеді
2023 жылғы 10 тамызда сағат 10:00-да Сарыарқа даңғылы 13, 5-қабат, мәжіліс зал мекенжайы бойынша Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының «Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын орындауды іске асыру жөніндегі іс-шараларды бағалау шеңберінде мектепке дейінгі және орта білім беру саласындағы бюджеттік бағдарламалардың, сондай-ақ білім беру ұйымдарында оқушыларды тамақтандырудың тиімділігіне мемлекеттік аудит» аудиторлық іс-шарасының қорытындысы бойынша отырысы өтеді.