Автомобиль жолдарының құрылысын салу шеңберінде бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың мемлекеттік аудитінің қорытындылары
2023 жылғы 22 маусымда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті, онда автомобиль жолдарының құрылысын салу шеңберінде бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың мемлекеттік аудитінің қорытындылары қаралды.
Аудит Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) тұтастай алғанда Астана қаласының аумағында автомобиль және өзге де көлік саласында жол инфрақұрылымын дамыту жөніндегі функцияларды орындау және елордада автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру түрінде мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратынын көрсетті.
Сонымен қатар, жүргізілген аудит Басқарманың құрылымдық бөлімшесінің бекітілген Ережесінің мемлекеттік органның өкілеттіктеріне сәйкес келмейтінін, ішкі құжаттарды әзірлеу және бекіту кезіндегі кемшіліктерді анықтады. Сондай-ақ, бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу кезінде, атап айтқанда, тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштерін жоспарлау және орындау кезінде, оларды стратегиялық құжаттармен - Астана қаласының Даму бағдарламасы мен Жоспарымен өзара байланыстыру кезінде нормативтік-құқықтық актілердің талаптары сақталмаған.
Мемлекеттік аудит аяқталмаған нысандар (ұзақ құрылыс) санының ұлғаюына әкелетін «мерзімді» құрылыстың қолданылып жүрген практикасын өте тиімсіз деп атап өтті, ал оларды пайдалануға берілгенге дейін ішінара пайдалану қызмет ету мерзімін едәуір қысқартады, жол төсемінің сапасына теріс әсер етеді, жол жабындыларының тозуын мерзімінен бұрын арттырады, уақытында жөндеу жұмыстарын жүргізудің қиындықтарын туғызады.
Мысалы, 2023 жылдың басындағы жағдай бойынша Басқарма балансында 191 286,2 млн. теңге сомасына аяқталмаған құрылыстың 157 жобасы бар, оның ішінде аудит кезеңінде ғана 2020 және 2021 жылдары 1 998,1 млн.теңге сомасына қаржыландырумен 10 жоба бар, бұл аяқталмаған құрылыстың барлық жобаларының 6% - % құрайды.
Астана қаласының көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша іске асырылып жатқан инвестициялық жобаларды талдау және бағалау құрылыстың нормативтік ұзақтығының сақталмайтыны анықталды.
Мердігер ұйымдар мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасқан кезде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және аванстарды уақытында енгізбеуге, анықталған нысанда және белгіленбеген мерзімде енгізуге жол берілген.
«Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ-де тіркелген қызметті немесе белгілі бір әрекеттерді жүзеге асыруды бастау немесе тоқтату туралы хабарламаны қабылдау туралы талондардың болмауы жүйелі түрде қайталанатын бұзушылыққа айналған.
Мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 59,5 млн.теңгеге орындалмаған жұмыс көлемі, сондай-ақ аудитпен қамтылған жобаларды іске асыру кезінде 49,8 млн. теңге сомасына сапасыз орындалған жұмыс көлемі анықталды. Бұл фактілер авторлық және техникалық сүйемелдеу қызметтерінің тиісінше орындалмағанын көрсетеді.
Бухгалтерлік есепті жүргізу кезінде заңнаманы сақтау аудитінің нәтижелері Басқарма аудиттелетін кезеңде мердігерлерге орындалған жұмыстар актілері бойынша оларды уақытында өндіріп алмау және ұстап қалмай аванстық төлемдерді төлеу практикасын қолданатынын көрсетті, 2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша аудит кезеңінде пайда болған дебиторлық берешек 6 жоба бойынша 2 761,7 млн.теңге сомасын құрады.
Аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша сәулет және қала құрылысы қызметі туралы заңнамасын бұзу бойынша 7 жоба факті материалдары кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Астана қаласының қалалық орта сапасы мен бақылау басқармасына жіберілді.
Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша қалпына келтіруге жататын жалпы сомасы 2 871,0 млн.теңгеге қаржылық бұзушылықтар (оның ішінде аудит барысында 150,0 мың теңге қалпына келтірілді), мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану – 1 998,1 млн. теңге, ықтимал шығындар мен жоғалған пайда сомасы 56,6 млн. теңгені құрады, 46 рәсімдік бұзушылық және 2 жүйелік кемшілік анықталды.
Аудит қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою мақсатында Тексеру комиссиясы әзірленген тапсырмалар мен ұсынымдар жіберді.