«Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығы» ЖШС квазимемлекеттік сектор субъектісінің активтерін басқару тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары

2023 жылғы 20 сәуірде Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өткізілді, онда  Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығы» ЖШС квазимемлекеттік сектор субъектісінің активтерін басқару тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары қаралды.

Осы аудиторлық іс-шарасымен қамтылған квазимемлекеттік сектор активтерінің жалпы көлемі 471 088,0 мың теңгені құрады.

Серіктестіктер туралы Заңның және «Astana Invest» ЖШС Жарғысының нормаларын бұза отырып, Серіктестік қызметінің бақылаушы органы ретінде Қадағалау кеңесі құрылмаған және жұмыс істемейді.

Сайт беттерін әртүрлі тілдерге аудару бөлігінде visitastana.kz, astanacb.kz сайттары пәрменді жұмыс істемейді, бұл шетелдік туристердің елорда  туралы  ақпаратпен танысу үшін маңызды функция болып табылады.

Өткізілетін Astana Food Fest, Astana Muz Fest фестивальдері туристер үшін артымдылықты арттыру мақсатында формалды  орындау тәуекелдеріне ұшырайды, өйткені нәтижелер бұдан әрі қолданылмады және елорданың туристік саласының дамуына нәтижесіз әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар, бұл іс-шараларды жергілікті жерлерде жұмыс істейтін қоғамдық тамақтандыру базалары жүргізеді.

Серіктестіктің бухгалтерлік есебінің деректері бойынша 13 564,0 мың теңге сомасында жарғылық капитал дұрыс көрсетілмеген, «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппараты» ММ  балансына  берілген L6 модульдік блогының құны 13 564,0 мың теңге сомасына кемітілмеген.

Бұдан басқа, Серіктестік аудит кезеңінде аяқталмаған құрылыс объектісін – Түркістан көшесі бойындағы желілік саябақта жер учаскесін пайдалану жөнінде шаралар қабылданбаған, бұл 92 722,0 мың теңге сомасына мемлекеттік мүлікті тиімсіз пайдалануға алып келген.

Серіктестік «бір терезе» қағидаты бойынша өзара іс-қимыл шеңберінде ұлттық компаниялардың атына өңірдің инвестициялық әлеуеті, инвестициялық ахуалы туралы талдамалық және ақпараттық материалдар ұсынбаған. Сондай-ақ, 2021 жылы инвесторларды сүйемелдеу бойынша атқарылған жұмыстар туралы тоқсандық есеп жіберілмеген.

Бұдан басқа, инвесторлар, инвестициялық жобалар, өндірістік алаңдар және әлеуетті инвесторлардың ақпараттық сұраныстары – IRM ақпараттық-мониторингтік жүйесі туралы толық, шынайы және өзекті ақпаратты қамтитын қазақстандық, шетелдік инвесторлар мен кәсіпкерлер үшін бірыңғай ақпараттық алаңға қолжетімділік жоқ.

Ауданы 3,5 га құны 315 771,8 мың теңге болатын  «Сервистік орталығы бар автобус паркі» инвестициялық жобасын «Falcon Euro Bus» ЖШС іске асыруға берілген жер телімдерінің мақсаты бойынша пайдаланылмайды, бұл тиімділік қағидатының сақталмауына әкелген.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы №11-1-4/590 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін инвестициялық жобаларды іріктеу өлшемшарттарының болмауы бөлігінде жобаны айқындау қағидаларында мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін инвестициялық жобаларды іріктеу өлшемшарттарының жоқтығы байқалады.

Құрылыстың аяқталмауына байланысты «Астана – жаңа қала» АЭА «Astana Invest» ЖШС атынан Басқарушы компания олардың балансына берілмеген инженерлік желілер мен ғимараттардың инфрақұрылымын толыққанды басқаруды және күтіп ұстауды қамтамасыз ете алмаған. Осылайша, АЭА учаскесінің инфрақұрылымының аяқталмауы жобалардың тоқтап қалуының және әлеуетті инвесторлар үшін тартымдылықтың негізгі себебі болып табылады.

АЭА туралы заңнаманы бұза отырып, АЭА-ның 6 қатысушысы («DATKZ» ЖШС, «D-Park» ЖШС, «ASH PRO» ЖШС, «MED INFO SOFT» ЖШС, «БЕРЕКЕ СТРОЙ КЗ» ЖШС,  Ellington City Touris ЖК) жалпы сомасы 696 126,5 млн. теңге қаржылық қамтамасыз етудің  бар екенін растамаған.

Сонымен қатар, аудит Серіктестік мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзып, оның ішінде әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтыруға жол бергенін атап көрсетті.

Жалпы аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 13 564,0 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар,  оның ішінде қалпына келтіруге тиіс 13 564,0 мың теңге (13 564,0 мың теңге қалпына келтірілді), мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану – 408 493,8 мың теңге, 32 рәсімдік бұзушылықтар және 9 жүйелік кемшіліктер анықталды.

Аудит нәтижелері бойынша Тексеру комиссиясы тиісті органдарға әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін 5 факті бойынша 7 материал жолдады.     Аудит қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясы аудиторлық іс-шарада  анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою үшін тапсырмалар мен ұсынымдар әзірледі.