«Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудиттің қорытындылары

2023 жылғы 4 сәуірде  Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы  өтті, онда  «Astana»  әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы қызметінің  тиімділігіне  жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары қаралды, ол «Астана» ӘКК»  АҚ-ның қызметінің  құрылтайшылық,  стратегиялық және жоспарлық  құжаттарында айқындалған мақсаттардан, міндеттерден және қағидаттардан елеулі ауытқулармен,  сондай-ақ  қолданыстағы заңнаманы, Қоғамның ішкі құжаттарын және басқа да жүйелік кемшіліктерді бұза отырып  жүзеге асырылатынын көрсетті.

Сонымен қатар, Қоғам әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың (бұдан әрі -ӘКК) өңірлік даму институттарына трансформациялауды, ӘКК қызметінің өңірлер экономикасының тұрақты жұмыс істеуін қолдауға бағдарлануын, тиімді басқаруды көздейтін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 тамыздағы №520 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорацияларды дамытудың 2025 жылға дейінгі Кешенді жоспары іс-шараларының толық орындалуын, ӘКК Басқармасына берілген активтермен, ӘКК қызметінің транспаренттілігі және есептілігін қамтамасыз етпеген. Сонымен қатар «Астана ӘКК»  АҚ-ның 2020-2029 жылдарға арналған Даму Стратегиясының көрсеткіштеріне қол жеткізілмеген. Бұл ретте Қоғам  Даму Стратегиясы мен Жоспарларын әзірлеу кезінде  елеулі бұзушылықтар мен кемшіліктерге жол берген.

Тексерілген кезеңде Қоғамның қаржылық көрсеткіші  теріс динамикаға ие болды. 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қоғамның шығыны 927 682,0 мың теңгені құрады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қоғам аз ғана 38 895,0 мың теңге сомасында пайдамен шыққан. Алайда, жедел деректер бойынша 2022 жылдың 9 айында Қоғамның шығыны 1 074 422,0 мың теңгені құрады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша орын алған пайда негізінен сол кезеңге инвестициялық жобаларды іске асырудан түскен елеулі қаржылық түсімдермен түсіндіріледі. Бұл ретте Қоғам қолданыстағы заңнаманы бұза отырып, жалпы сомасы 141 986,6 мың теңгеге табыс әкелген үй-жайларды жалға беру бойынша жарғылық емес қызметті жүзеге асырған.

Қаржылық нәтиженің теріс динамикасына қарамастан, Қоғам әкімшілік шығындардың едәуір өсуіне жол берген, оның негізгі себептерінің бірі негізінен ішкі ережелерді бұза отырып және бекітілген еңбекақы қорларынан асып кету арқылы төленген үлкен сыйақыларды төлеу есебінен еңбекақы төлеуді ұлғайту болып табылады.  Еңбекақы төлеуге барлығы  346 905,5 мың теңге тиімсіз жұмсалған.

Қоғамдағы еңбекақы төлеудің елеулі кемшіліктері қызметкерлерге оның ең төменгі және ең жоғары мәні арасындағы диапазонда лауазымдық жалақының нақты мөлшерін тағайындау регламентінің болмауы болып табылады. Яғни, қызметкерлерге  айлық лауазымдық жалақының мөлшерін белгілеу рәсімінің ашықтығы қамтамасыз етілмеген, бұл белгілі бір сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты»  атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын бұза отырып, Қоғам мемлекет басшысы айқындаған квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің штаттық санын қысқарту қарқынына қол жеткізген жоқ. Бұл ретте оңтайландыру қатардағы құрам есебінен тиімсіз жүргізілген, нәтижесінде басшылық құрам ұлғаяған  және тиісінше еңбекақы төлеу қоры қажетсіз ұлғайтылды.

Аудит жүргізу кезінде Қоғамның қатысуымен 307 инвестициялық жоба, оның ішінде тұрғын үй құрылысы бойынша 164 жоба және бизнес құрылысы бойынша 143 жоба іске асырылды.

Аудит Қоғамның инвестициялық жобаларға қатысу жөніндегі іс жүзінде қызметі әлеуетті инвестордың құжаттардың толық топтамасын жинауын қамтамасыз етуге және Сәулет басқармасында инвестор ұсынған жер учаскесінде инвестициялық жобаны іске асыру мүмкіндігін нақтылауға азаятынын көрсетті. Яғни, инвестициялық жобаларды іске асырудағы Қоғамның рөлі жергілікті атқарушы орган мен әлеуетті инвестор арасындағы делдалдыққа дейін азаяды.

Бұл ретте Қоғамның тұрғын үй салуға арналған инвестициялық жобаларды жүзеге асыруы мемлекеттік қолдаудың белгіленген бағыты және ӘКК қызметінің қағидаттары бөлігінде заңнама талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды, өйткені бұл жобалар индустриялық-инновациялық болып табылмайды және дамыған бәсекелестігі бар нарықтарда іске асырылады.

Сонымен қатар, бизнес құрылысына инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жер учаскелерін бөлу барлық жағдайларда ӘКК қызметінің қағидаттарына сәйкес келмейді, өйткені бұл жобалар дамыған бәсекелестігі бар нарықтарда іске асырылды, ал ӘКК-ні дамыту тұжырымдамасында көзделген «Жеке сектормен әріптестік»  қағидатына сәйкес ӘКК кеңістікте тиімді жұмыс істеуі тиіс, жұмыспен қамтылған немесе жұмыспен қамтылмаған жеке сектормен және бизнестің дамуын ынталандыру, оның бәсекелестіксіз өсуіне жағдай жасау болып табылады.

Сонымен, іске асырылған 10 жобаның тек бір ғана жобасы «JCB/Hino/Valtra/KIA» мамандандырылған техниканы құрастыру зауыты» осы қағидатқа сәйкес келді. Алайда, аудит барысында осы жоба аясында зауытта жобада көзделмеген техника жиналғаны анықталды.

Бұл ретте Қоғам жалпы сомасы 1 173 591,0 мың теңгеге 11 МЖК бойынша инвестициялық жобалар шеңберінде алынған жылжымайтын мүлік объектілерін тиімді пайдалануды (сату, жалға беру немесе т.б.) қамтамасыз етпеді, бұл Тұжырымдама мен Жарғыда ӘКК үшін айқындалған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес келмейді.

Сонымен қатар, тұрғын үй құрылысына арналған жобаларды іске асыруға қатысудан алынған жылжымайтын мүлікті сату ішкі ережелерді бұза отырып, оның ішінде қарастырылған әдістерсіз және пәтерлердің құнын әртүрлі манипуляциялау арқылы жүзеге асырылды.

«Астана» ӘКК» АҚ-ның жылжымайтын мүлік объектілерін (тұрғын емес үй-жайларды) жалға беру жөніндегі қызметін талдау Қоғамның ішкі ережелерін және жүйелік кемшіліктерді бірқатар бұзушылықтарды анықтады, оның ішінде:

- жалға берілген жылжымайтын мүліктің пайдаланылуына мониторингті қолданыстағы  регламентті бұза отырып сәйкес емес құрамдағы комиссия жүргізеді, бұл ретте жалдау шарттарының талаптарын анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде қажетті шаралар қабылданбаған;

- үй-жайлар белгіленген жалдау ақысын алмай жалға берілген, нәтижесінде Қоғамның жіберіп алған пайдасы 117 554,8 мың теңгеге орын алған. Жеке жалға алушылар коммуналдық қызметтер үшін  ақы төлемеген;

- жалдау шарттары ішкі ережелерде белгіленген тәсілдерсіз жасалған;

- Қоғамның рұқсатынсыз үй-жайларды қосалқы жалға беру фактілері орын алады, кейбір жағдайларда үй-жайларды қосалқы жалға беру Қоғамның жіберіп алған пайдасына айналған;

- жекелеген жағдайларда әлеуметтік жобаларға пайдалану шарттарымен тапсырылған  үй-жайлар іс жүзінде әлеуметтік жобалар үшін пайдаланылмаған.

Астана қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру кезінде Қоғам қолданыстағы заңнаманы жекелеген бұзушылықтар мен кемшіліктерге жол берген, оның ішінде:

- реттелетін тауарларға бағаны тұрақтандыру бойынша міндеттемелер қамтамасыз етілмеген;

- қарыз алушының реттелетін тауарларға бағаны тұрақтандыру жөніндегі міндеттемелерді орындамау фактілері болған кезде қарыз мерзімі ұзартылған;                                                                                                      

- жергілікті атқарушы органмен үлестес ұйымның қарызын негізсіз бөлген. 

Нәтижесінде Қоғам жалпы сомасы 969 245,0 мың теңгеге активтерді тиімсіз пайдаланып  және жалпы сомасы 1 268 042,1 мың теңгеге мерзімі өткен дебиторлық берешекті қалыптастыруға жол берген.

Сонмен қатар,  аудит  Қоғамның мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының, оның ішінде әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтыратын бөлігінде бұзушылықтарға жол берілгенін көрсетті.

Жол берілген бұзушылықтардың себептері Қоғамның лауазымды тұлғалары, оларға жүктелген міндеттерді  жекелеген жағдайларда адал орындалмағаны және Қоғамның және Жалғыз акционер – Астана қаласы әкімдігінің мүдделерін барынша көрсетпейтін тәсілдер пайдаланылғаны болып табылатынын атап өтеміз.

Жалпы аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 945 016,0 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар, оның ішінде өтелуге тиіс  945 016,0 мың теңге, мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану сомасы – 44 605 176,8 мың теңге, ықтимал шығындар мен жоғалған пайда сомасы – 267 333,3 мың теңге, 91 рәсімдік бұзушылықтар және 54 жүйелік кемшіліктер анықталды.

Тексеру комиссиясы аудит нәтижелері бойынша 4 факті бойынша  материалдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін тиісті органдарға жіберді. 17 факт бойынша материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді.

Аудит қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою мақсатында  Тексеру комиссиясы әзірлеген  тапсырмалар мен ұсынымдарды жолдады.