Баспасөз парағы
Сумен жабдықтау, су құбыры және нөсер канализациясы мен газдандыру жүйелерін дамытуға бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары.
2022 жылғы 21 желтоқсанда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті, онда сумен жабдықтау, су құбыры және нөсер канализациясы мен газдандыру жүйелерін дамытуға бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары қаралды, тексеру тұтастай алғанда Астана қаласының Отын- энергетикалық кешені мен коммуналдық шаруашылық басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) және оның ведомстволық бағынысты «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК –нің (бұдан әрі – Кәсіпорын) жұмысы құрылтай құжаттарында айқындалған мақсаттар мен міндеттерге сай жүзеге асырылатынын көрсетеді. Сонымен қатар, аудит сумен жабдықтау, су құбыры және нөсер канализациясы мен газдандыру жүйелерін дамыту жөніндегі қызметті жоспарлау мен іске асыру кезінде елеулі бұзушылықтар мен кемшіліктер орын алатынын анықтады.
Тексеру аудитпен қамтылған кезеңде бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу барысында тиісті жоспарлаудың жоқтығын анықтады. Бұл ретте бюджеттік бағдарламаларды, оның мақсатына қол жеткізуді көрсететін түпкілікті нәтиже көрсеткіштерінің болмауы бюджеттік бағдарламаны іске асырудың тиімділігін бағалауға мүмкіндік бермейді. Бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жол берілген бұзушылықтар нәтижелілік, негізділік, тиімділік және жауапкершілік бюджеттік жүйесінің қағидаттарын сақтамайды және тиісінше Бюджет кодексінің нормаларына сәйкес осы бюджеттік бағдарламалар бойынша жалпы сомасы 60 687 187,3 мың теңгеге қаражат тиімсіз жоспарланған. Сонымен қатар, аудитпен қамтылған барлық бюджеттік бағдарламалар бойынша нәтижелер көрсеткіштерінің нақты мәндерінің дұрыс көрсетілмеуіне жол берген.
Басқарма қызметін тиісті жоспарлаудың болмауы құрылымдық бөлімшелер арасындағы қызметті үйлестірудің төмендеу тәуекелдерін, іске асырылатын шаралардың, шешілетін міндеттер мен қол жеткізілетін мақсаттардың дәйектілігін нақты пайымдаудың болмауын тудырады. Сондай-ақ мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау және қызметтің кемшіліктерін жою мақсатындағы шараларды қабылдау мүмкіндігін төмендетеді.
Сондай-ақ, аудит газ тасымалдау жүйесін дамытуда бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану фактілері орын алғанын атап өтеді.
Мысалы, «Астана қаласында нөсерлі канализация жүйесін дамыту. III-6 ауданының нөсер каналиазциясын тазарту құрылыстарын салу. Түзету» бағдарламасының шеңберінде «Горыныч СП-800Г» қар балқыту пунктін орнату көзделген, оны сатып алуға және монтаждауға 357 540,1 мың теңге жұмсалды. Бұл ретте аудит барысында қарды қайта өңдеу үшін қажетті сұйытылған газды сатып алуға жұмсалатын шығыстар ғана қар полигондарындағы қардың ұқсас мөлшерін кәдеге жарату шығыстарынан орта есеппен 3,2 есе асып түсетіні анықталды. Бұл ретте есепте амортизациялық шығыстар және қар балқыту пунктін пайдалану жөніндегі өзге де шығыстар, тазарту құрылыстарын пайдалану және оларға қызмет көрсету жөніндегі оларға артқан жүктемеге байланысты қосымша шығыстар сияқты шығыстар есепке алынбаған. Сонымен қатар, қарды еріту үшін сұйытылған газ сияқты қалпына келмейтін табиғи ресурстарды пайдалану «Жасыл экономика» қағидаттарына сәйкес келмейді.
Сонымен қатар, жобаларды әзірлеу кезінде жалпы сомасы 757 206,4 мың теңгеге 5 жобаның құнын көтеруге жол берілгені анықталды, бұл жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеудің төмен деңгейін көрсетеді.
Басқармамен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар шеңберінде «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК нөсерлі канализациясының жүйесіне қызмет көрсетуді, күтіп ұстауды және пайдалануды жүзеге асырады. Бұл ретте талдау Астана қаласында нөсерлі канализациясы жұмыс істеуінің негізгі проблемалық мәселелері, оның салдарын Кәсіпорын өз қызметі барысында шешуге тура келетінін көрсетті:
- жекелеген сорғы станциялары мен тазарту құрылыстарының жобалық қуаты жеткіліксіз;
- тазарту құрылыстарына қосылмаған коллекторлардың болуы;
- қаланың жекелеген учаскелерінде нөсерлі канализациясының болмауы.
Кәсіпорын мемлекет активтерін жалпы сомасы 1 175 563,1 мың теңгеге тиімсіз пайдалану фактілеріне жол берген. 2020 жылғы 3 маусымда «Астана Тазалық» ЖШС-нен берілген, жалпы құны 773 086,0 мың теңге тұратын 3 бірлік мөлшеріндегі жылжымалы қар балқыту қондырғылары ең жарқын мысал болып табылады, оларды Кәсіпорын осы жабдықты шығынды пайдалану себебінен пайдаланбайды. Бұл ретте, Тексеру комиссиясының аудиті барысында «Астана Тазалық» ЖШС-де 2020 жылы «Астана Тазалық» ЖШС-і осыған ұқсас себептермен пайдаланылмаған жылжымалы қар балқыту қондырғыларының деректерін тиімсіз пайдалану фактісі атап өтілді.
Қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде Кәсіпорын бірқатар елеулі бұзушылықтар мен кемшіліктерге жол берген, оның ішінде:
- оның жарғысында көзделмеген қызметті жасаудан 31 284,6 мың теңге сомаға кіріс алу;
- бухгалтерлік есептің елеулі бұзылуы, оның ішінде 2020 және 2021 жылдардағы қаржылық есептіліктің бұрмалануына әкеп соқтырған;
- ЖЖМ және іссапар шығыстарына нормативтен тыс шығыстар;
- еңбекақы төлеу және кадрларды іріктеу бойынша кемшіліктер.
Басқарма мен Кәсіпорын мемлекеттік сатып алу туралы, оның ішінде әкімшілік жауаптылыққа әкеп соқтыратын заңнаманы айтарлықтай бұзушылықтарға жол берген.
Жалпы аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 172 046,7 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қалпына келтіруге тиіс 140 684,8 мың теңге (аудит барысында 140 684,8 мың теңге қалпына келтірілді) және өтелуге тиіс 31 361,6 мың теңге өтелді (аудит барысында 33,3 мың теңге өтелді), жалпы сомасы 60 687 мың теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау, 2 092 297,7 мың теңге бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану, ықтимал шығындар сомасы – 972 937,4 мың теңгені құрады, 169 рәсімдік бұзушылықтар және 14 жүйелік кемшіліктер анықталды.
Тексеру комиссиясының аудит нәтижелері бойынша Басқарманың лауазымды тұлғалары мен Кәсіпорын қызметкерлері 7 факті бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Басқарма қызметінде анықталған 11 факт және Кәсіпорын жол берген 13 факт бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін тиісті органдарға материалдар жіберілді. 5 факт бойынша материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданды.
Аудит қорытындысы бойынша белгіленген бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою мақсатында Тексеру комиссиясы әзірленген тапсырмалар мен ұсынымдар жіберілді.