Астана қаласы әкімдігінің «Жастар сарайы» МКҚК күрделі шығыстарына бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары
2022 жылғы 30 қарашада Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті, онда Астана қаласы әкімдігінің «Жастар сарайы» МКҚК (бұдан әрі - Кәсіпорын) күрделі шығыстарына бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары қаралды.
Пандемия (Covid-19) әсеріне байланысты күрделі жөндеу жұмыстары мерзімдерінің сақталмауы, бастапқы жобалау – сметалық құжаттамаға (бұдан әрі-ЖСҚ) жұмыстарды қосу және алып тастау жолымен мемлекеттік сараптамадан өткен ЖСҚ енгізілген көлемдік өзгерістер, сондай-ақ мердігер ұйымның тарапынан жұмыс кестесінің мерзімдерін уақытында орындамау белгіленген мерзімнен 2 есе созылуына алып келген (2020 жылдың ақпанынан бастап 2022 жылдың наурызына дейін).
Сонымен қатар, тұрақты өзгерістерді енгізу нәтижесінде бастапқы ЖСҚ-мен күрделі жөндеуге бөлінген (1 845 454,7 мың теңге) сомадан 73,6% - ға (1 357 758,4 мың теңге) қайта қаралған, 34 позиция бойынша жұмыстар, оның ішінде бассейнге, спорт залына, концерт залына және т. б. қатысты жұмыстар енгізілді.
«Жастар сарайы» ғимараты көп функциялы болып табылатындығын ескере отырып, оның құрамына спорт зал, концерт залы, бассейн, дыбыс жазу студиясы, өртке қарсы қабырға сияқты және т.б. арнайы үй-жайлар кірген. Сонымен бірге, күрделі жөндеу бойынша шешім қабылдау үшін құрылыс конструкцияларының ақаулы ведомосін жасау кезінде күрделі жөндеу кезінде аталған үй-жайларға жеке жоба әзірлеуге ұсынымдар берілген, өйткені олар арнаулы үй-жайлардың нысанды мақсатына қарай материалдар мен жабдықтарды жеке таңдауды қажет етеді. Аталған ұсыныс Кәсіпорын назарынан тыс қалған.
Мердігер күрделі жөндеу жұмыстарын қосалқы мердігерлерге де, қосалқы мердігерлер үшінші тұлғаларға да белгіленген көлемнен асыра отырып берген, бұл ретте Кәсіпорын қосалқы мердігерлік ұйымдар бойынша, оның ішінде олардың саны, сондай-ақ қосалқы мердігерлікке берілген жұмыс көлемдерінің жағдайын толық көлемде меңгере алмаған.
Мысалы, жалпы сомасы 425 590,0 мың теңгеге 237 жұмыс түрі мен шығындар (материалдық ресурстар мен жұмыстар сатып алынды) бойынша Кәсіпорында нақты мәмілелер бойынша материалдық ресурстардың құнын растау жоқ.
«Жастар сарайы» ғимаратын күрделі жөндеуге авторлық қадағалау тиісінше жүргізілмеген, авторлық қадағалау тобы мүшелерінің объектіні қадағалауы 2021 жылғы сәуірде тоқтатылған, ал объект 2022 жылғы наурызда, яғни 11 айдан кейін пайдалануға берілді.
Мемлекеттік аудит ЖСҚ-ның көлемдік өзгерістеріне (алынып тасталатын, қосылатын жұмыстар, жобаның кемшіліктері мен қателіктері, оның ішінде жұмыс көлемінің артуы) байланысты Кәсіпорын тапсырмасы бойынша техникалық кеңес хаттамалары негізінде авторлық қадағалаумен атқарушылық сметасы жасалған, ол мемлекеттік сараптамадан өтпеген.
«Жастар сарайы» ғимаратына жүргізілген күрделі жөндеу шеңберінде Кәсіпорын атқарушылық сметаға, орындалған жұмыстар актілеріне, жұмыс сызбаларына (шағын сәулет нысандары, алдын ала сүзгісі бар сорғылар, вентильді тобы бар сүзгілер, көгалдандыру) сәйкес келмейтін жалпы сомасы 14 022,5 мың теңгеге жекелеген жұмыстар қабылданған.
Бұдан басқа, Кәсіпорын жүргізілген күрделі жөндеу қорытындысы бойынша жалпы сомасы 53 023,7 мың теңгеге жұмыс істемей тұрған суықпен қамту жабдықтарысыз (модульдік салқындатқыштар мен гидромодуль) объектіні пайдалануға қабылдаған.
«Жастар сарайы» аумағында орналасқан, табыс табу үшін көзделген волейбол және баскетбол ойнауға арналған алаңдардан тұратын ауданы 891 м2 спорт алаңы пайдаланылмайды, оған күрделі жөндеу шеңберінде 28 503,1 мың теңге жұмсалған.
Мемлекеттік аудиторлар тексеруге тартылған сарапшымен бірлесіп атқарушылық сметаның бірқатар бұзушылықтары мен кемшіліктерін анықтады (баға ұсыныстары бойынша жұмыстар мен шығындар енгізілген, ал олар құрылыс үшін жобалық жұмыстардың қолданыстағы баға жинақтарында көрсетілген, бағаны анықтауға және есептеуге мүмкіндік бермейтін жұмыстар дұрыс енгізілмеген, мысалы, витраждық есіктердің материалы мен өлшемдері көрсетілмеген, дұрыс қабылданбаған бағалау, жабдыққа сметалық пайда енгізілген) бұл күрделі жөндеудің сметалық құнының жалпы сомасы 59 488,3 мың теңгеге өсуіне, сондай-ақ бюджет қаражатының тиімсіз шығыстары 84 701,7 мың теңге мөлшерінде негізсіз өсуіне алып келген.
Жүргізілген аудит барысында жалпы алғанда Кәсіпорында тозықтарды есепке алу, сақтау, есептен шығару және есептеу жөніндегі негізгі ережелері сақталады, алайда жалпы сомасы 1 370,5 мың теңгеге негізгі құралдардың жетіспеушілігінің жекелеген фактілері анықталды.
Сондай-ақ, аудит кезеңінде Кәсіпорын жалпы сомасы 1 300,0 мың теңгеге металл сынықтарын сату жөніндегі оның жарғысына сәйкес келмейтін қызметті жүзеге асырған.
Мемлекеттік сатып алу бөлігінде аудитпен Кәсіпорын мемлекеттік сатып алу туралы заңының орындалуы кезінде келесі бұзушылықтарға жол берген: бір көзден тікелей шарт жасасу жолымен мемлекеттік сатып алу туралы есепті уақытында орналастырмау; тауарларды жеткізуді көрсету мерзімін заңнамада белгіленген ең төменгі мерзімнен төмен белгілеу; шарттық міндеттемелерді уақытында орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбын өндіріп алмау; мемлекеттік сатып алу туралы өнім берушілерге кепілдік міндеттемелер шеңберінде кемшіліктерді түзету бойынша; өнім берушілерді сотқа мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану бойынша жүгінбеу анықталды.
Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша жалпы сомасы 79 670,0 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 9 377,5 мың теңге қалпына келтірілуге, 67 292,5 мың теңге өтелуге тиіс (отырыс өткізілгенге дейін 1 300,0 мың теңге өтелді), бюджет қаржатын және активтерді тиімсіз пайдалану сомасы 188 589,2 мың теңгені құрады, сондай-ақ 47 рәсімдік бұзушылық және 5 жүйелік кемшіліктер анықталды.
Сонымен қатар, әкімшілік іс жүргізуді қозғау үшін уәкілетті органдарға 11 әкімшілік материал жіберілді.
Отырыс қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының қаулысы қабылданып, аудит объектісіне тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.