2022 жылғы 16 қыркүйекте Қазақстан Республикасының барлық қалаларында «Халық заңгері» ауқымды жалпыреспубликалық акциясы өтеді!
Заңгерлер, адвокаттар мен мемлекеттік орган өкілдері сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап беріп, білікті ұсыныстар айтып, сізге заң тұрғысынан көмектесетін болады.
Келіңіздер, құқықтық көмекке мұқтаж жандардың барлығын күтеміз!
Іс-шараның өткізілетін мекен-жайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Кенесары көшесі 32, Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы, 1 қабат.
Басталуы: 16 қыркүйек 2022 жыл, сағат 16:00. Кіру тегін!
«Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясын ұйымдастырушылар: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, «ZAKON.KZ» желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік органдар және де еліміздің жетекші заңгерлері мен адвокаттары.