Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысы өтеді

2022 жылғы 24 тамызда сағат 16:00-де Бейбітшілік көшесі 11, 2-қабат, 220-кабинет (мәжіліс зал) мекенжайы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының мәслихатында «Жергілікті атқарушы орган резервінің қаражатын пайдалану тиімділігіне, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің дебиторлық және кредиторлық берешектерін талдауына жүргізілген мемлекеттік аудит» аудиторлық іс-шарасының қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының  және Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының бірлескен отырысы өтеді.