«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2022 жылғы 1 тоқсандағы қызметінің қорытындылары туралы» мақала

Сыртқы мемлекеттік аудит органы ретінде Нұр- Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының негізгі мақсаты жергілікті бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерін басқару және пайдалану тиімділігін арттыру болып табылады. Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы»  Заңының нормаларына сәйкес  Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясы өз қызметін www.rkastana.gov.kz сайтта орналастырылған тиісті жылға бекітілген мемлекеттік аудит объектілерінің Тізбесі негізінде жүзеге асырады.

2022 жылдың 1 тоқсанында 2 аудиторлық іс-шара бойынша отырыс өткізілді, онда 5 объект қамтылды, оның ішінде мемлекеттік органдар мен мекемелерде – 2; квазимемлекеттік сектор объектілерінде – 3.  Тексеру кезінде   қамтылған  қаражаттың жалпы сомасы 18 349,7 млн.теңгені құрады.

Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша жалпы сомасы
1 803,6 млн. теңгеге немесе аудитпен қамтылған қаражат көлеміне 9,8%-ға бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

1) қаржылық бұзушылықтар – 280,7 млн. теңге, олар бюджетке өтелуге тиіс және/немесе құжаттарды сәйкестікке келтіру және/немесе жұмыстарды орындау арқылы қалпына келтірілуге жатады;

2) бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану – 715,3 млн. теңге;

3) тиімсіз жоспарлау – 807,7 млн.теңге.

Бұдан басқа, аудит объектілерінің қызметінде 114 рәсімдік бұзушылық және 39 жүйелік  кемшіліктер анықталды.

Қаржылық бұзушылықтардан бүгінгі күні өтеуге тиіс 266,3 млн.теңгеден   266,3 млн. теңге (100%) өтелді, 14,4 млн. теңгеден 10,4 млн. теңге (72,2%) қалпына келтірілді.

Есепті кезеңде жүргізілген аудиторлық іс-шаралар аудит объектілері тарапынан бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің пайдаланылуына тиісті бақылаудың жоқтығын көрсетті, бұл олардың тиімсіз пайдаланылу себептерінің бірі болып табылады. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің  «Астана жастары» КММ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің едәуір бөлігін тиімсіз пайдаланған (251,0 млн теңге), атап айтқанда, іс-шараларды жүргізу кезінде бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің пайдаланылуына, сондай-ақ іс-шаралардың қойылған мақсаттарына қол жеткізуге тиісті бақылау қамтамасыз етілмейді, жекелеген жағдайларда іс-шаралардың қойылған мақсаттарына қол жеткізілмейтіні анықталды, құрылған активтер жұмыс істемейді не одан әрі қызметте пайдаланылмайды.

Аудит объектілері бюджет шығыстарын жоспарлау, бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде бюджет қаражаты шығындарының негізділігі бойынша бюджет жүйесінің қағидаттарын сақтамайды. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасында 2020 және 2021 жылдарға арналған бюджет қаражатының шығыстары тиісінше 109,3 млн. теңге және 108,1 млн. теңге елорда  аумағына шетелдік  инвестицияларды тарту, сондай-ақ қолайлы инвестициялық ахуал туғызу бойынша қызметтер көрсетуге, көлемдердің енгізілуі мен негізділігін айқындайтын құжаттар болмаған кезде негізсіз жоспарланған шығыстарды қаржыландырған.

Осыған ұқсас «Astana Invest»  ЖШС мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша 9,9 млн.теңгеге (2020 жыл) және маркетингтік науқандарды өткізу бойынша қызметтерді сатып алуға 21,3 млн. теңгеге (2021 жыл) негізсіз жұмсалған бюджет қаражаты анықталды, бұл экономикалық шығындарға алып келді. Бұдан басқа, «Astana Invest» ЖШС-і  «Visit Astana» ЖШС-ін экскурсиялық автобустарда  жүзеге асырылмаған  24,9 млн.теңге сомасындағы экскурсияны ұйымдастыру бойынша көрсетілген қызметтер актілеріне енгізген.

Аудиторлық іс-шаралар бөлінісінде барынша толық ақпарат Тексеру комиссиясының www.rkastana.gov.kz. ресми сайтында  орналастырылған.

Аудиторлық іс-шаралар барысында анықталған бұзушылықтар бойынша 2022 жылдың 1 тоқсаны ішінде аудит объектілерін тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін сот және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл бойынша жұмыстар жүргізілді.

Сонымен қатар,  жол берілген  бұзушылықтар үшін 23 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Уәкілетті органдарға және сотқа қарау және шешім қабылдау үшін 49 факті бойынша әкімшілік материалдар жолданды, оларды қарау нәтижелері бойынша:

- 44 факті бойынша заңды тұлғалар мен лауазымды тұлғалар  3 135,5 мың теңге сомасына айыппұл салынумен  жауапкершілікке тартылды;

- 5 факт бойынша әкімшілік іс жүргізу  қарау сатысында.

Сондай-ақ, қылмыстық құқық бұзушылық құрамы белгілерінің болуына байланысты рәсімдік шешімді қарау және қабылдау үшін Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасына 3 материал жолданды.

Сонымен қатар, есепті кезеңде Нұр-Сұлтан қаласының әкіміне, жергілікті атқарушы органдарға және аудит объектілеріне жұмыста анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою  мақсатында  7 ұсыным мен 13 тапсырма жіберілді.

Елорда тексеру комиссиясы қаржы тәртібін нығайту және бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігін арттыру, заңнама нормаларын бұзудың алдын алу және оларды азайту жөніндегі жұмыстарды жалғастыратын болады.

«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша  Тексеру комиссиясы» ММ