2021 жылғы 11 қарашада қала мәслихаты сессиясының шешімімен Сәбит Төлеуұлы Мұқанов Нұр-Cұлтан қаласы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі болып тағайындалды
С. Т. Мұқанов, 1964 жылы туған, жоғары білімі бар, 1989 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын "Экономика" мамандығы бойынша бітірген, мемлекеттік аудитор сертификаты бар.
Еңбек жолын 1981 жылы бастаған. Павлодар облысының Денсаулық сақтау, Экономика және қаржы жүйесінде, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі жанындағы Қаржылық бақылау басқармасында жұмыс істеді.
2015 жылдан бастап Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы жұмысын жалғастырды.
Бұрын осы қызметті атқарған Кенжин Қанат Ынтағалыұлы басқа мемлекеттік лауазымға ауысуына байланысты, босатылды.