«Астана-Теплотранзит» АҚ мен «Астана-Энергия» АҚ квазимемлекеттік сектор активтерін басқару тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитінің қорытындылары

2021 жылғы 7 қазанда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының  кезекті отырысы өтті. Отырыста «Астана-Теплотранзит» АҚ мен «Астана-Энергия» АҚ квазимемлекеттік сектор активтерін басқару тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары талқыланды.

«Астана-Теплотранзит» акционерлік қоғамының қаржы-шаруашылық қызметін талдау Кәсіпорын қызметінде жекелеген бұзушылықтар мен кемшіліктердің орын алатынын көрсетті, мысалы: ақылы қызметтер көрсету бойынша ішкі нормативтік құжаттардың (қағидалар және/немесе тетіктер) болмауынан негізгі емес қызмет бойынша қызметтерге тапсырыс берушілер тарапынан дебиторлық берешектің пайда болуына әкеп соқтырған, ақылы қызмет көрсету кезінде осы қызметтердің шығындарын жабу қамтамасыз етілмеген.

Сонымен қатар, «Астана-Теплотранзит» АҚ негізгі емес қызметі бойынша бірқатар бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды, мысалы: үй-жайларды жалға беру кезінде Кәсіпорын кірісін ұлғайту мақсатында тиімсіз ресурстарды қолданған; қолма-қол ақшамен есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде салық заңнамасының талаптары сақтамағандықтан заңсыз кассалық операциялар жүргізуге алып келген; темір сынықтары мен қара металдарды өткізу кезінде баға белгілеу нарықтық бағадан айтарлықтай төмен алынған.

Кәсіпорын құрылымдық бөлімшелерінің өзара бірлескен іс-қимылының жоқтығынан өндірістік шығындарды жоспарлаумен байланысты Кәсіпорынның қаржылық және материалдық ресурстарын үнемді пайдаланылмауына әкеп соқтыратын бұзушылықтарға жол берген.

Астана-Теплотранзит тарапынан жалпы сомасы 14 301,3 мың теңгеге жіберіп алынған пайда мен ықтимал шығындардың орын алған фактілері анықталды, біздің ойымызша, Кәсіпорын басшылығы мен қызметкерлері мүмкіндігінше пайда түсіру тұрғысынан тиімсіз шаралар қабылдауда.

Кәсіпорынның  жалпы сомасы 2 779 726,6 мың теңгеге активтерді тиімсіз пайдалану фактілері басшылық тарапынан пайдаланылатын активтерге үстірт қарау салдарынан, «Нұр-Сұлтан қаласының Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ тарапынан орын алған кемшіліктерден орын алған, сондай-ақ «Астана-Теплотранзит» АҚ бухгалтерлік қызметі жұмысының сапасы мен қаржылық бақылаудың жоқтығын көрсетті.

2020 жылға электр энергиясын бөлу ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 59-бабын және Астана-Теплотранзит» АҚ Жарғысының 12-тармағын бұза отырып, ұжымдық түрде емес Астана-энергияның дербес шешімімен жүзеге асырылған.

Астана-Энергия мүлікті жалға беруді жүзеге асыру кезінде жалға беру құнын нарықтық бағадан едәуір төмен анықталуына байланысты пайданы жіберіп алуға жол берілген. Сонымен қатар, бұл шешім ұжымдық түрде қабылданбайды.

Астана-Энергия негізгі  технологиялық жабдықтарды өзінің балансына қабылдамай пайдалану жүзеге асырылады, атап айтқанда, «Нұр-Сұлтан қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ жүзеге асыратын ЖЭО-1 және ЖЭО-2 қайта жаңғырту және кеңейту жобалары бойынша 2006 жылдан бастап жабдықтарды уақытша пайдалануға беріледі. Осылайша, қолданыстағы 32 жабдықтың
21-ін Кәсіпорын өзінің балансына алмаған, бұл ретте 21 құрал-жабдыққа амортизациялық өтелім есептелмейді.

Табиғи монополиялар саласындағы нормативтік актілерге сәйкес амортизациялық аударымдар мақсатты болуы тиіс, яғни қатаң сәйкестікте пайдаланылуын қажет етеді, бұл «Астана-Энергия»  АҚ пайдасы есебінен осы жабдықтарды ұстауға және жөндеуге алып әкеледі.

Жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелердің шарттарды жасау және сүйемелдеу бойынша міндеттерінің бөлінуіне байланысты мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің жүйелі бұзушылықтарына жол берілгені анықталды.

Жол берілген бұзушылықтар мен кемшіліктердің себептері, ең алдымен, «Астана-Теплотранзит», «Астана-Энергия» акционерлік қоғамдарының, «Astana» ӘКК» АҚ және «Нұр-Сұлтан қаласының
Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ басшылығы тарапынан тиісті бақылаудың болмауы, нормативтік және құқықтық актілердің, бухгалтерлік есепті тиісті жүргізудің және ішкі бақылау құралдарын пайдаланудың сақталмауы, сондай-ақ «Астана-Энергия» АҚ-да ішкі аудит қызметінің іс жүзінде қамтамасыз етпеу салдарынан орын алған.

Жалпы мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 3 106 215,1 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қалпына келтіруге тиіс 2 915 675,9 мың теңге (отырыс өткізілгенге дейін 2 628 403,8 мың теңге қалпына келтірілді), өтеуге тиіс 190 539,2 мың теңге (отырыс өткізілгенге дейін 641,5 мың теңге өтелді), активтерді тиімсіз пайдалану сомасы 2 892 614,6 мың теңгені, 135 рәсімдік және 58 жүйелік бұзушылықтарды құрады.

Бұдан басқа, 34 090,3 мың теңге мөлшерінде ықтимал шығындар мен жіберіп алынған  пайда анықталды.

Тексеру комиссиясы тарапынан мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

Жаңалықтар