Тексеру комиссиясының ұжымы елорданы абаттандыруға үлесін қосты
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тексеру комиссиясының қызметкерлері «Ырыскелді қажы» мешітінің аумағына ағаш түптерін отырғызып, ел астанасын абаттандыру мен көгалдандыруға өздерінің үлесін қосты.
Аталған іс-шара Тексеру комиссиясының құрылғанына 10 жыл толуына орай және «Бірге – таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізілді.