Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында «Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті» ММ, «Нұр-Сұлтан қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» ММ және «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы шығарылды
Тексеру комиссиясының отырысында «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті» ММ (бұдан әрі- Полиция департаменті), «Нұр–Сұлтан қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» ММ (бұдан әрі- Дін басқармасы) және «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС (бұдан әрі – Діндерді зерттеу орталығы) мемлекеттік және құқық қорғау органдарының діни экстремизмге және терроризмге қарсы күрестегі қызметінің мемлекеттік тиімділігінің, жергілікті бюджетке салықтық емес түсімдердің толықтылығы мен уақтылылығын қамтамасыз етудің қорытындылары қаралды.
Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша Нұр–Сұлтан қаласы Дін басқармасының жұмысында жол берілген жүйелі бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды.
Мысалы, мемлекеттік қызметтерді қағаз жеткізгіштерде ұсыну фактілері орын алған.
Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін шетел тілдеріндегі әдебиеттерге дінтану тұрғысынан сараптама жүргізуді қамтамасыз ету жөнінде тиісті жұмыстың жоқтығы байқалады.
Сонымен бірге, бюджет қаражатын жоспарлау кезінде бюджеттік өтінімдерді сапасыз әзірлеуге, тікелей көрсеткішті көрсету кезінде есептік деректерді бұрмалауға жол берілген.
Аудит барысында Діндерді зерттеу орталығында қарсы тексеру жүргізілді, аудит қорытындысы бойынша орталықтың қаржы-шаруашылық қызметіндегі келеңсіз көріністері атап өтілді.
Шарттық міндеттемелерді орындамау, қаражатты негізсіз аудару және тиімсіз пайдалану анықталды.
Сонымен қатар, Полиция департаментінде жергілікті бюджетке салықтық емес түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету кезінде жекелеген кемшіліктер мен бұзушылықтар көрініс алған.
Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, 2020 жылғы
31 желтоқсандағы жағдай бойынша елордада бейне және фото жазбалар арқылы тіркеудің 6 121 автоматтандырылған жүйесі орнатылған.
Ақпараттық жүйелерді қолдану арқылы жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің жыл сайынғы өсімі байқалады, соңғы үш жылда түсімдер көлемі 2 есе өсті.
Мысалы, Полиция департаментінде 2020 жылы 1 192 462 әкімшілік іс қозғалған, оның ішінде бұзушылықтарды автоматты тіркеу жүйесінің үлес салмағы 82,1%-ды құрады.
«Әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі» және «Процессинг орталық» жүйесі бүгінгі күні жұмыс істейді, бірақ жүйені әзірлеушілердің назарын аударатын жекелеген кемшіліктер бар.
Салықтық емес төлемдерді алудың толықтығына әсер ететін факторлардың бірі «Процессинг орталық» кіші жүйесінде фото-бейне жазбалардың пысықталмаған материалдары болып табылады.
Құқық бұзушыны тиісті хабардар етудегі кемшіліктер осы жүйенің жетіспеушілігі болып табылады,
Келеңсіз кемшіліктер жағына келсек, алынған фото-бейне түсіру деректерін өңдеуді тек 3 қызметкер ғана қадағалайтынын атап өткен жөн.
Онлайн төлемдік қызметі қолданылмайтын әкімшілік айыппұлдардың төлемдік тапсырмалары немесе түбіртектерін автоматты түрде жіберуде проблемалар орын алады.
Сондай-ақ, ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылдарында айыппұл сомасын қысқартылған өндірістен толық сомаға уақытында өзгерту бойынша кемшіліктер туындайды.
Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша 11 936 мың теңге сомаға қаржылық бұзушылықтар анықталды, тиімсіз жоспарлау сомасы 156 185,0 мың теңгені, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану сомасы 1 469,1 мың теңгені құрады, сондай- ақ, 32 рәсімдік мен 11 жүйелі бұзушылықтар анықталды.
Тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша Полиция департаментіне, Дін басқармасына және Діндерді зерттеу орталығына анықталған кемшіліктерді, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, қолданыстағы заңнаманы бұзуға жол берген лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды, сондай-ақ басқа да бірқатар тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.