«Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу және шоғырландырылған қаржылық есептілікті әзірлеу кезіндегі өзекті мәселелер» тақырыбында өткен семинар-кеңестің баспасөз парағы
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясы Нұр-Сұлтан қаласының қаржы басқармасымен бірлесе отырып жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша семинар-кеңес өткізді.
Аталған іс-шараға Нұр–Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының, Қаржы басқармасының өкілдері және мемлекеттік мекемелердің бас бухгалтерлері мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілігін қалыптастыруға жауапты қызметкерлер қатысты.
Іс-шараны Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Лебо Егор Валерьянович аудиттік тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар туралы сөз сөйлеп ашты.
Семинар-кеңеске қатысушылар бірқатар қажетті практикалық ұсыныстар алды және 2020 жылға арналған бюджеттің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті әзірлеу бойынша тәжірибе алмасты.