Қала Мәслихатында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2020 жылға арналған Жылдық есебі талқыланды
2021 жылғы 25-26 мамыр күндері Тексеру комиссиясының төрағасы И.Л. Ақпомбаевтың қатысуымен Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты Тұрақты комиссияларының отырысы өтті, отырыста Тексеру комиссиясының 2020 жылға арналған Жылдық есебінің жобасы тыңдалды, аталған есеп өзінің мазмұнына қарай 2020 жылға арналған қала бюджетінің атқарылуы туралы Нұр–Сұлтан қаласы әкімінің есебіне қорытынды болып табылады.
Депутаттар бюджеттің макроэкономикалық ахуалдарын, жергілікті бюджеттің кіріс бөлігінің толықтыруы мен әлеуметтік –экономикалық дамуының мәселелерін қарады.
Сонымен бірге, 2020 жылы Тексеру комиссиясының аудиторлық тексеру іс–шараларының қорытындылары, оның ішінде, экономикалық тұрақтылықты және төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге бағытталған дағдарысқа қарсы іс-шаралардың қорытындылары қарастырылды, олардың қорытындылары бойынша кемшіліктер мен бұзушылықтардың орын алғаны атап өтілді.
Отырыс қорытындысы бойынша Мәслихат депутаттары Тексеру комиссиясының 2020 жылға арналған Жылдық есебінің жобасын кезекті Мәслихат сессиясында қарауын ұсынды.