Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысы өтеді
2021 жылғы 1 сәуірде Сарыарқа даңғылы, 13, 507-каб. (мәжіліс залы) мекенжайы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының келесі аудиторлық іс-шарасының қорытындысы бойынша отырысы өтеді:
- сағат 10-00-да «Экономикалық тұрақтылықты және төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге бағытталған дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласының аудандары әкімдері аппараттарының бюджет қаражатын пайдалануына мемлекеттік аудит жүргізу»;
- сағат 15-30-да «Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының аппаратына бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына мемлекеттік аудит».