Мемлекеттік қызметшілердің әдеп және мінез-құлық нормалары, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша семинар өткізілді
2020 жылғы 27 қарашада бейнеконференцбайланыс арқылы мемлекеттік қызметшілердің әдеп және мінез-құлық нормалары, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша семинар өткізілді.
Семинарға Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілері, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің өкілдері қатысты.
Семинар барысында Тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілі Е.В. Лебо мемлекеттік қызметшінің моральдық-әдептілік бейнесі мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін қамтамасыз етудің маңызды факторы болып табылатындығына қызметкерлердің назарын аударды. Қызметтік әдеп нормаларына сәйкес келмейтін қызметшілердің мемлекеттік аудитті жүзеге асыруы аудит нәтижелерінің беделін түсіруі мүмкін.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Р.Ю. Ким «Мемлекеттік қызметшінің әдеп және мінез-құлық нормалары», Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің өкілі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру» тақырыбында сөз сөйледі.
Семинар қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы И.Л. Ақпомбаев мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі құқықтық актілердің, мемлекеттік қызметшілер этикасының, мемлекеттік аудиторлардың кәсіби этикасы қағидаларының талаптарын қатаң сақтау қажеттігі туралы еске салды.