Ағымдағы жылдың 10 сәуірінде Астана қаласының мәдениет саласындағы ұйымдар мен мекемелердің қызметіндегі жекелеген сұрақтары бойынша семинар-кеңес өткізілді
Аталған іс-шара Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясымен Астана қаласының мәдениет ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын пайдалану барысында туындайтын сұрақтарды қарау мақсатында ұйымдастырылды.
Семинар-кеңеске Астана қаласы мәслихатының хатшысы С. С. Есілов, қалалық мәслихат депутаттары Т. М. Оразақов және З. Р. Шибкенов, сонымен қатар экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы басқармаларының басшылары қатысты.
Астана қаласының бағыныстылығындағы 19 мәдениет ұйымдарының қаржылық қызметінің басшыларының қатысуымен өткен семинар-кеңесте мәдениет ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер, мәдениет ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету проблемалары, талап етілмеу не болмаса моральдық немесе табиғи тозу себебінен пайдаланылмаған негізгі құралдардың бар болу жағдайлары, мәдениет ұйымдарының шығындарын жабуға бөлінетін субсидия және т. б. көптеген мәселелер қаралды.
Әсіресе, мемлекет активтерін пайдалануда және жергілікті бюджеттің шығыстарын тиімді пайдалануда бақылау жүргізуді күшейту және туындайтын мәселерді шешуде бағдарлама әкімшілерімен біргелікте қарау қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясымен бұдан кейін осыған ұқсас семинар-кеңестер Астана қаласының білім, денсаулық сақтау және спорт ұйымдары үшін өткізіледі.