Ағымдағы жылдың 4 мамырында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті
Отырыс барысында Астана қаласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасының іске асырылуын аралық бағалаудың қорытындысы шығарылды.
Отырыс барысында Тексеру комиссиясының мүшесі М.У. Спановпен Даму бағдарламасының көрсеткіштерін жоспарлау кезінде Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен өткен кезеңдердің мәліметтерін талдау және елорданың Бас жоспарын дамыту бойынша жұмыстар жеткілікті деңгейде жүргізілмегендігі және жеке сектор инвестицияларының жеткілікті көлемде іске тартылмағаны өз кезегінде Даму бағдарламасының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін қаланың бюджетіне жүктемені жоғарлататыны атап өтілді.
Өз кезегінде, Астана қаласының әкімдігі және оның жауапты құрылымдық бөлімшілері жағынан Даму бағдарламасын және Іс-шаралар жоспарын іске асыруға және орындауға жеткіліксіз бақылау жекелеген индикаторлар мен көрсеткіштердің қол жеткізілмеуіне алып келеді.
Сондай-ақ, жекелеген бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына Даму бағдарламасын іске асыру бойынша нақты емес мәліметтер ұсынылған.
Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.
Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.