Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясымен Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 142 бабына сәйкес, мәслихатқа өзiнiң мазмұны бойынша жергілікті атқарушы органның тиісті есебіне қорытынды болып табылатын 2012 жылғы Астана қаласы бюджетінің атқарылуы туралы есебі ұсынылды
Ағымдағы жылдың 21 және 22 мамырында заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау жөніндегі және құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының отырыстарында қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиялары мүшелерінің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және мүдделі жақтардың қатысуымен Астана қаласы бюджетінің атқарылуының негізгі қорытындылары толықтай талқыланды.