Ағымдағы жылдың 28 маусымында Тексеру комиссиясының кезекті отырысы болып өтті

Отырыс барысында Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасына және оның бағынысты ұйымдарына бөлінген жергілікті бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдаланылуын бақылаудың қорытындысы шығарылды.

Отырыс барысында Тексеру комиссиясының мүшесі Ғ.П. Құрман Қазақстан Республикасының бюджеттік және басқа да заңнама талаптарын жалпы сомасы 342,2 мың теңгеге жіберілген бұзушылықтарын атап көрсетеді.

Жалпы, 2012 жыл бойынша Стратегиялық жоспарды орындалуы бағалау кезінде Басқармамен индикаторлары және көрсеткіштері қол жеткізілген. Алайда, Стратегиялық жоспардың жекелеген көрсеткіштері аса көтерілген және нақтыланбаған, 2013 жылға арналған іс-шараларының деректеріне бөлінген қаражат көлемі және нақты оқытылатын мемелекеттік қызметкерлердің саны растайды.

Отырыстың қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға сәйкес тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.

Тексеру комиссиясымен сәйкес қаулы қабылданды.