Ағымдағы жылдың 1 шілдесінде Тексеру комиссиясының кезекті отырысы болып өтті

Отырыс барысында «Астана көгалдандыру құрылысы» акционерлік қоғамында жүргізілген мемлекет активтерінің пайдаланылуын бақылаудың қорытындысы шығарылды.

Отырыста Тексеру комиссиясының мүшесі Ш.Ө. Жанбосынов Қоғамның қызметі Астана қаласының жасыл қорының жаңа құрылысына және ағымдағы ұстауына бағытталғанын, ол квазимемлекеттік сектор субъектісінің құрудың негізгі мақсаттары мен мәселелеріне және Жарғысына сәйкес келетінін атап көрсетті.

Сонымен қатар, Қоғамның мемлекеттік активтерді тиімді пайдаланбауы, бюждетттік қаражатты пайдалануында үнемділік және нәтижелелік принциптерді сақтау бойынша жеткіліксіз жұмыс жасағаны салдарына, Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнама талаптарын жекелеген бұзушылықтарына алып келгенін атап көрсетті.

Отырыстың қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға тиісті тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.

Тексеру комиссиясымен сәйкес қаулы қабылданды.