Үстіміздегі жылдың 15 шілдесінде семинар-кеңес өткізілді
Мәліметтерді алмасу мақсатында және туындаған мәселелерді шешу үшін Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының бастамасымен Тексеру комиссиясы төрағасы Ғ.Ө. Молдаштың төрағалық етуімен Астана қаласының мемлекеттік орта арнаулы оқу ұйымдарында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының бақылау іс-шаралары барысында анықталған проблемалық сұрақтар бойынша ү.ж. 15 шілдесінде тәжірбиелік семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңеске экономика және бюджеттік жоспарлау, білім басқармаларының өкілдері, Астана қаласы мәслихатының депутаты - «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының орынбасары М.Ә. Оралов және қаланың барлық мемлекеттік колледждерінің басшылары шақырылды.
Семинар барысында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Г.Н Сотникова елорданың орта арнаулы білім беру ұйымдарына тән ең проблемалық сұрақтар және анықталған жүйелік түрдегі бұзушылықтар, кадрлық қамтамасыз етудегі проблемалық сұрақтар, ұйымдардың материалдық-техникалық, оқу және ғылыми әдебиеттер ж.т.б. мен жабдықталуы бойынша сөз қозғады.
Білім беру ұйымдарының басшыларымен қолданыстағы типтік штаттық кестелердің жетілдірілмегендігі себебінен штаттық жасақталуға байланысты, күрделі жөндеу жұмыстарына қаржыландырудың жеткіліксіздігі, оқушылар мен студенттерді практикалық оқыту үшін заманауи жабдықтарды сатып алуға қаражаттың жоқтығы жөнінде проблемалық сұрақтар қозғалды.
Өз кезегінде Тексеру комиссиясымен, қолданыстағы заңнаманы сақтау қажеттігі атап өтілді, ал маслихат депутаты М.А. Ораловпен колледж басшыларына қозғалған проблемалық сұрақтарды Астана қаласының мәслихаты мен әкіміне, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Парламентінің атына жолдау ұсынылды.
Тексеру комиссиясының қызметкерлерімен қолданыстағы заңнаманы іске асыру жөнінде семинар-кеңес қатысушыларынан түскен сұрақтар бойынша тиісті жауаптар берілді.