Ағымдағы жылдың 25 шілдесінде Тексеру комиссиясының кезекті отырысы болып өтті
Отырыс барысында «Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» және «Астана қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемелеріне Астана қаласының шеткері аймақтарын дамытуға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне бағалаудың қорытындылары шығарылды.
Отырыста Тексеру комиссиясының мүшесі Ғ.П. Құрман Астана қаласының шеткері аймақтарын дамытудың бағытын, басымдығымен механизмін анықтайтын нормативтік құқықтық базасының жоқтығын атап өтті. Анықтылықтың жоқтығынан Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен жобалар қаланың орталық бөлігінде жүзеге асырылып отыр.
Тұрғын алабы бойынша көрсеткіштердің және статистикалық мәліметтердің жеке есебі жүргізілмейді, ал бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің Стратегиялық жоспарларында Астана қаласының шеткері аймақтарын дамыту бойынша іс-шаралар мен көрсеткіштер қарастырылмаған.
Қаланың шеткері аймақтарын дамыту бағдарламасының шеңберінде аяқталған объектілер қызмет көрсетпейді және қаланың инженерлік желілеріне қосылмаған.
Сонымен бірге, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасының төмендігін және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік-құқықтық актілерінің сақтамайтынын атап өтеміз.
Бақылаумен қамтылған жалпы сома 14,1 млрд. теңге сомасын құрады, оның ішінде 7,2 млрд.теңге сомасында бұзушылықтар анықталды, бақылау барысында 110,2 млн.теңге сомасында қаражат қалпына келтірілді.
Отырыстың қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға тиісті тапсырмалармен ұсыныстар берілді.
Тексеру комиссиясымен сәйкес қаулы қабылданды.