Ағымдағы жылғы 28 тамызда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті

Отырыс барысында Астана қаласының Мәдениет басқармасына және оның бағынысты ұйымдарына бөлінген жергілікті бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдаланылуын бақылаудың қорытындысы шығарылды.

Отырыс барысында Тексеру комиссиясының мүшесі Г.Н. Сотниковамен мәдениет ұйымдарына субсидиялар бөлу кезінде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарының сақталмайтыны, мәдениет ұйымдарын күтіп ұстауға шығыстарды жоспарлауда жекелеген шығындардың жоғарлауына алып келген негізділік принципінің сақталмайтыны, бұдан әрі еңбек ақысының бұзылуына алып келетін кәсіби білімі жоқ жұмыскерлердің штаттық лауазымды орын алуы, бос лауазымды орындар бар кезінде кадрларды іріктеу бойынша тиісті деңгейде жұмыстың жүргізілмеуі, сондай-ақ мәдениет ұйымдарының басым бөлігінің жеке ғимараттары мен сахналарының жоқтығы және сол себептен басқа ұйымдардан орын-жайларды жалға алуға мәжбүр екендігі атап өтілді.

Сондай-ақ, бұзушылықтардың басым бөлігі бұрын жүргізілген тексеріс барысында анықталған болатын және олар бойынша тиісті түрде шаралар қабылданбаған.

Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.