Ағымдағы жылғы 28 тамызда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті
Отырыс барысында "Astana" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ бюджеттік инвестициялардың тиімділігін бағалау, сондай-ақ активтерді басқарудың тиімділігін бақылаудың қорытындысы шығарылды.
Отырыс барысында Тексеру комиссиясының мүшесі Ш.Ө. Жанбосыновпен мемлекет активтерін тиімді пайдалану бойынша жеткіліксіз жұмыстың жүргізілетіні, бюджет қаражаттарын пайдаланудың үнемділік және нәтижелілік принциптерінің сақталмайтыны, жекелеген әкімшілік шығыстар нормаларының жоғарлауы атап өтілді.
Тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және жүзеге асыру шеңберінде ӘКК қызметін талдау бөлінген бюджет қаражаттарының уақтылысыз және тиімсіз игерілуінің көптеген факторларына әкеліп соқтыратынын көрсетті.
ӘКК іске асырылып жатқан ешбір жобасының аяқталмағаны атап өтілді. Сондай-ақ, ӘКК бағынысты ұйымдардың көпшілігі залалды болып табылады.
Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.
Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.