Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде Астана қаласы мәслихатының жиырма екінші кезектен тыс сессиясы болып өтті

Сессия барысында, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 25-2 бабының 1-тармағының 5)-тармақшасына сәйкес, Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшелері Галина Николаевна Сотникова мен Мағбат Уарысбекұлы Спановтың атқарып отырған лауазымдарынан босату жөнінде өздерінің берген өтініштеріне байланысты тексеру комиссиясының мүшелерi қызметiнен босатылды.

Соңымен қатар, Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшелері Шәмшиден Өмірзақұлы Жанбосынов пен Ғалым Полатұлы Құрман лауазымдарына қайта тағайындалды.

Сонымен бірге, Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына «А» корпусының кадр резервінен, Мейрамбек Маратұлы Ахметов тағайындалды.