2017 жылғы 30 маусымда Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасына және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарына жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындыларын шығару бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті
Аудит қорытындылары елорданың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына заңнамамен көзделген бағыттар шеңберінде әлеуметтік қолдау көрсету бойынша іс-шаралар толық көлемде іске асырылатынын, сондай-ақ арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін ведомстволық бағынысты ұйымдардың желісі жұмыс істейтінін көрсетті.
Жұмыспен қамту бағдарламасының аясында халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша пәрменді іс-шаралар қабылданады, бұл жалпы халық cаны мен оның экономикалық белсенді топтарының артуына қарамастан жұмыссыздық деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, Басқармамен әлеуметтік саясаттың жекелеген бағыттарын жүзеге асыруда кейбір кемшіліктер байқалады.
Атағанда, жеке оңалту бағдарламалары әзірленгеніне қарамастан, әлеуметтік көмек көлеміне қажеттілікті болжамдау механизмі жете пысықталмаған.
Бюджет лимитіне байланысты, мұқтаж азаматтарды жекелеген әлеуметтік көмек түрлерімен қамтамасыз ету толық көлемде жүзеге асырылмайды.
Жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар санынан жұмысқа орналастырылғандар санының азаюы атап өтіледі.
Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдарындағы қаржылық тәртіптің төмен деңгейде болуы бюджеттік заңнаманы, бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу салаларындағы көптеген бұзушылықтарға әкеп соғады.
Бес объектіде жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша 170,3 млн. теңге жалпы сомасына қаржылық бұзушылықтар, тиімсіз пайдаланылған және жоспарланған 13,1 млн. теңге, сондай-ақ жалпы сомасы 277,6 млн. теңгені құрайтын рәсімдік бұзушылықтардың 20 фактісі анықталды.
Осылайша, Тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша 15 ұсыным және 19 тапсырма берілді.
Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.