Үстіміздегі жылдың 30 маусымында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасына агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін субсидиялауға, сондай-ақ инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша бөлінген бюджет қаражатын пайдалануына мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қорытындылары қарастырылды
Мемлекеттік аудит қорытындылары көрсеткендей, 2016 жылы мемлекеттік қолдау ауданы 3 га өндіріс алаңында қияр және қызанақ егу науқанын субсидиялауға, сыйымдылығы 6 000 тонна және 7 200 тонна картоп-көкөніс сақтау қоймасын салу бойынша шығындарды өтеуге, өнімділігі 3 000 кг/сағат қысқа кесілген макарон өнімдерін өндіру жабдықтарын сатып алуға, АӨК екі субъектісін қаржылық сауықтыруға және ауыл шаруашылығы жануарларын, техника мен технологиялық жабдықтарды несиеге және лизингке алуға бағытталған.
Бұл ретте, салынған қаражаттың тиімділігін есептеу мүмкін емес, себебі Ауыл шаруашылығы басқармасымен бюджеттік бағдарламалардың соңғы нәтижесі тек «АӨК субъектілерін 100% субсидиялаумен қамтамасыз ету» ретінде көрсетілген.
Осылайша, Ауыл шаруашылығы басқармасымен субсидиялау көлемін анықтау кезінде бөлінген қаражаттың қайтарымдылығы бойынша қажетті экономикалық есептеулер жүргізілмейді, мемлекеттік қолдау тиімділігінің көрсеткіштері есептелмейді.
Тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша 1 ұсыным және 3 тапсырма берілді.
Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.