Депутат күніне дөңгелек үстел өтті
2024 жылғы 27 қыркүйекте Астана қаласы мәслихаты депутаттары мен Тексеру комиссиясы қызметкерлерінің қатысуымен Депутат күніне, сондай-ақ Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының (бұдан әрі-Тексеру комиссиясы) бақылау іс-шараларына арналған дөңгелек үстел өтті.
Тексеру комиссиясының төрағасы И. Л. Ақпомбаев өзінің баяндамасында 1994 жылы депутаттардың өткен алғашқы сайлауы, сондай-ақ мәслихаттардың маңыздылығы және елорда азаматтарының өміріндегі мәслихаттың рөлі туралы атап өтті.
Бұдан басқа, елорданың даму жоспарын іске асыруды бағалау жарияланды, ол халықтың қанағаттануының төмен деңгейін көрсетті, оның ішінде: елорда бойынша білім беру сапасы 63,5% (жоспар бойынша 69,4%), медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі - 57,2% (жоспар бойынша 71,4%), экологиялық өмір сапасы - 56,7% (жоспар бойынша 68,2%), жеке, мүліктік және қоғамдық қауіпсіздікті сезіну - 58% (жоспар бойынша 67,9%), ЖАО жұмысының сапасы -57% (жоспар бойынша – 66,9%) және тиісті салалардағы жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында жергілікті атқарушы органдардың пәрменді шаралар қабылдау қажеттілігі сондай-ақ Тексеру комиссиясы қызметінің қорытындылары туралы қысқаша тоқталды.
Астана қаласы мәслихатының төрағасы Е. Е. Каналимов жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі - ЖАО) жұмысында мемлекеттің бюджет қаражатын сапасыз жоспарлау мен активтерді тиімсіз пайдалану, бюджет қаражатын игермеу, дебиторлық және кредиторлық берешектің болуын, кәсіби кадрлардың жетіспеушілігі, сондай-ақ ЖАО-ның қайталанатын қаржылық бұзушылықтарға жол берілуі және оларды жою жөнінідегі негізгі проблемаларды атап өтті. Тексеру комиссиясына депутаттық корпуспен бірлексен жемісті жұмысы және өзара қолдауы үшін алғыс айтты.
Сондай - ақ, Астана қаласы мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының орынбасары, депутат Ж. Ж. Құлмағамбетова сөз сөйлеп, өзінің кіріспесінде Тексеру комиссиясының Астана мәслихатымен өзара тиімді жұмысын атап өтті, бұл депутаттарға жергілікті бюджеттің атқарылуын бақылауды сапалы және уақтылы жүзеге асыруға, сондай-ақ бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын және атқарылуын қадағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Ж. Ж. Құлмағамбетова Тексеру комиссиясының жасырын резервтеріне қатысты:
- қалалық мекемелерде және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қаржылық тәртіпті жақсартуға көмектесетін ұсынымдарды әзірлеу және енгізу арқылы бұзушылықтардың алдын алуға назар аудару бойынша ұсыныстар;
- анықталған кемшіліктерді жою бойынша жеткілікті және толық нақты ұсынымдардың мазмұны;
- Тексеру комиссиясының қызметінде ашықтықты, айқындылықты арттыру және т. б. атап өтті.
Сонымен қатар, бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы К.С. Адамбек және мәслихат депутаты А. С. Айтхожин бірлескен жұмыс үшін және аудиторлық іс-шараларды бағалау және Тексеру комиссиясының қорытындыларында нақты, негізделген және ұзақ мерзімді жақсартуға бағдарланған ұсынымдарды көрсету бойынша бірқатар ұсынымдар үшін алғыс білдірді.
Тексеру комиссиясының мүшелері Е. В. Лебо және М. Н. Әлжанова «Тиімсіз жоспарлау» және «Бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану» терминдерінің тұжырымдамалық аппараты бойынша, сондай – ақ бюджеттік инвестициялық бағдарламалардың (бұдан әрі- БИЖ) уақытында іске асырылмауы және проблемалық БИЖ-ді одан әрі іске асыруда оларды шешу жолдары және депутаттық корпуспен бірлескен жұмыс жүргізу керектігі туралы хабарлады.
Тексеру комиссиясының сапаны бақылау және заң қызметі бөлімінің басшысы А.Н. Әлназарова қаржылық бақылауға ден қою шаралары, оның ішінде барлық мемлекеттік органдардың орындауы үшін міндетті нұсқамалардың шығарылуы, әкімшілік айыппұлдар салуы туралы тоқталды. Тексеру комиссиясының жұмысында нұсқамаларды сотта шағымдану тәжірибесінің ұлғаюғынан атап өтті, 2011 жылдан бастап 2021 жылға дейін Тексеру комиссиясына 8 талап арыз және прокурордың 1 наразылығы берілді, 2022 жылы – 6 талап арыз, 2023 жылы – 5 арыз, ағымдағы жылы -6 арыз берілді, олардың кейбіреулері Жоғарғы Соттың кассациялық сатысына жеткізіліп, олардың барлығы Тексеру комиссиясының пайдасына шешілді.
Бұдан басқа, Тексеру комиссиясы Байқоңыр, Сарыарқа, Алматы, Есіл ауданы әкімдіктері аппараттарының жұмысында қаржылық бұзушылықтардың қайталануына жол беру фактілері туралы атап өтті, олар қазіргі уақытта мердігерлерден негізсіз төленген бюджет қаражатын өндіріп алу сот арқылы талқылауларға алып келгенін атап өтті.
Соңында Тексеру комиссиясының төрағасы И. Л. Ақпомбаев депутаттарға аудит нысандарымен бірлекен жұмыс үшін, проблемалық мәселелерге мұқият назар аударғаны және оларды нақты шешкені үшін алғыс білдірді.