Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2023 жылғы қызметінің қорытындысы

Экономиканың өсуі бюджетті дұрыс жоспарлаумен және оның тиімді орындалуымен тікелей байланысты, бұл елдің әл-ауқатының негізі болып табылады. Бюджетті тиімді орындау үшін қатаң мемлекеттік бақылау қажет. Мемлекеттік бақылау құралдарының бірі бюджет қаражатын пайдаланудың заңнама нормаларына сәйкестігіне және оларды неғұрлым тиімді бөлу жөнінде шаралар қабылдауға бағытталған аудиторлық іс-шаралар болып табылады.

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының (бұдан әрі – Тексеру комиссиясы) негізгі миссиясы елорда үшін жергілікті бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін басқару мен пайдаланудың тиімділігін арттыру, бюджетті атқару кезінде бұзушылықтар мен кемшіліктерді, сондай-ақ кешенді шешуді талап ететін проблемалық мәселелерді анықтау жөніндегі қызметті барынша тиімді жүзеге асыру болып табылады.

Жыл сайын Тексеру комиссиясы жүктелген өкілеттіктерді іске асыру шеңберінде мемлекеттік аудит объектілерінің бекітілген Тізбесіне сәйкес аудиторлық іс-шараларды жүзеге асырады.

Мысалы, 2023 жылы 13 аудиторлық іс-шара өткізіліп, 60 нысан қамтылды. Аудитпен қамтылған қаражаттың жалпы көлемі 170,4 млрд. теңгені құрады.

Тексеру комиссиясы сыртқы мемлекеттік аудит органдары үшін басымдықты  ескере отырып, тиімділік аудитіне ерекше назар аударады. Осы жұмыс тәсілінің нәтижесінде келесі нәтижелерге қол жеткізілді:

- қаржылық бұзушылықтар сомасы 70,9 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14% - ға артық (62,0 млрд. теңге);

- ағымдағы жылы тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты мен активтерінің сомасы 69,7 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6 есе көп (2022 жылы 10,7 млрд. теңге);

- бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау сомасы 41,5 млрд. теңге, бұл өткен жылмен салыстырғанда 65,7% - ға аз (2022 жылы - 121,0 млрд. теңге);

- ықтимал шығындар мен жоғалған пайда сомасы 4,8 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 77,7% - ға артық (2022 жылы –
2,7 млрд. теңге). 

Бүгінгі таңда қаржылық бұзушылықтардың ішінде өтелуге жататын
1 496,7 млн.теңгенің 343,2 млн. теңгесі (22,9%) өтелді, 66,0 млрд. теңгенің 53,5 млрд. теңгесі (81%) қалпына келтірілді.

Бұдан басқа, аудит объектілерінің қызметінде бұзушылықтарға жол беру тәуекелдерін тудыратын 1 540 рәсімдік бұзушылық және 426 жүйелік кемшіліктер анықталды.

4 тоқсандағы аудиторлық іс-шаралардың негізгі қорытындылары:

- мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын бағалау кезінде (бұдан әрі - МЖӘ) жекеше әріптестер мүлікті мемлекет меншігіне уақтылы беру жөніндегі шарттық міндеттемелерді тиісінше орындамауға жол берді, бұл сот талқылауларына әкелді (мысалы, «Астана қаласында балабақшалар салу және пайдалану» жобасы бойынша №29 және №36 құрылыс объектілері»  жобалық атаулары бар көшелер қиылысы ауданында 360 орындық балабақша пайдалануға берілген сәттен бастап 3 жылдан астам уақыт өткеннен кейін (2020 жылы енгізілген) мемлекеттік меншікке берілді, шарттар санының қысқару үрдісі байқалады, МЖӘ шеңберінде жасалған (2020 жылы – 2 шарт, 2021 жылы – 6 шарт «Нұр-Сұлтан қаласында алты жалпы білім беретін мектеп салу және пайдалану  1 жобасы шеңберінде, 2022 жылы бірде-бір шарт жасалмаған, 2023 жылы-шарт жасасуға дайындық кезеңінде –1 жоба);

- аудиторлық іс-шараны өткізу кезінде Есіл, Сарыарқа, Байқоңыр және Алматы аудандарының әкімдіктерінде 13,7 млрд. теңге жалпы сомаға мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың талаптарын сақтамауға жол берілді (мердігерлермен жасалған шарттарға техникалық ерекшеліктерді сапасыз жасау, Тапсырыс берушінің көлемді ауыстыруға негіздемесіз және тапсырмасынсыз, өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану жөнінде шаралар қабылданбаған), жалпы сомасы 79,1 млн. теңгеге сметалық құнын негізсіз арттыру және 38,9 млн. теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану (бекітілген тарифтердің болмауына және құрылыс саласында арамшөптерді шабу жөніндегі қызметтерге нормалардың қолданылуына байланысты).

- аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша ведомстволық бағынысты спорт ұйымдарында жалпы сомасы 9,1 млрд. теңге (дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің балансына әлі берілмеген ғимараттарын ұстау, мүгедек балаларды оңалтуға арналған Ипподром сатып алу, аға жаттықтырушылардың штат санын көбейту бойынша), бюджет қаражатын 41,5 млн. теңгеге жеке карт-шотқа (№8 ОРБЖСМ) заңсыз аудару фактісі, сондай-ақ спортшыларға тамақтануға ақшалай қаражат төлеу аға жаттықтырушының карт-шотына аудару жолымен, бұл өз кезегінде жалпы сомасы 68,2 млн.теңгеге (Олимпиадалық және олимпиадалық емес түрлер бойынша спортты дамыту дирекцияларында) бюджет шығындарына алып келді.

- активтерді басқару тиімділігінің аудиті кезінде «Astana Venue Management» ЖШС-де 1,1 млрд.теңгеге мемлекет активтерін тиімсіз жоспарлау және пайдалану, 92,5 млн. теңгеге қызметке қатыспаған шығармашылық бөлімнің еңбегіне ақы төлеу, 9,7 млн. теңге сомасында көлік қызметтерін сатып алуға мемлекет активтерін басқару органының лимиттерінсіз пайдалану фактілері анықталды.

Белгіленген бұзушылықтар мен кемшіліктердің негізгі себептері мен шарттары: аудит объектілері лауазымды тұлғалардың салалық, бюджеттік, қаржылық және өзге де заңнама талаптарын нашар білуі, жекелеген аудит объектілерінің қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, кадрлық, материалдық–техникалық қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі, бюджет қаражатын жоспарлау мен пайдалануды ведомстволық бақылаудың әлсіздігі болып табылады.

 

Есепті кезеңде Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы мүдделі ұйымдарға барлық проблемалық мәселелер мен бұзушылықтар бойынша 97 ұсыным мен 186 тапсырма берді. Барлық ұсынымдар мен тапсырмалар толық көлемде орындалды.

2023 жыл ішінде Тексеру комиссиясы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша орталық мемлекеттік органдарға олқылықтар мен қайшылықтарды жоюға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын жетілдіруге 39 ұсыным жолдағанын атап өткен жөн, оның 27-сі жұмысқа қабылданды.

Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша мемлекеттік аудит объектілері жіберілген бұзушылықтар үшін 62 лауазымды адамды тәртіптік жауапкершілікке тартты.

Бұдан басқа, Тексеру комиссиясы уәкілетті органдар мен соттарға әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін 162 материал жіберді.

Жіберілген материалдарды қарау қорытындысы бойынша жалпы сомасы 8,7 млн. теңгеге 136 адамға айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 8,4 млн.теңгеге 100 лауазымды тұлға және 0,3 млн. теңгеге 36 заңды тұлға, 16 факт бойынша әкімшілік іс жүргізу қарау сатысында тұр.

Сондай-ақ Тексеру комиссиясының тарапынан тікелей  34 әкімшілік іс қозғап 6,1 млн. теңгеге айыппұл салынды.

Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілерінің болуына байланысты рәсімдік шешімді қарау және қабылдау үшін Астана қаласының прокуратурасына 9 материал берілді.

Сонымен қатар, Тексеру комиссиясы елорда бюджетінің атқарылуына ағымдағы және жылдық бағалау жүргізді. «Астана қаласының квазимемлекеттік секторының корпоративтік басқармасының жай-күйін талдау»  сараптамалық-талдау іс-шарасы өткізілді, оның қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға қажетті ұсынымдар енгізілді.

Тексеру комиссиясының интернет-ресурсында аудиторлық, сараптамалық-талдамалық қызмет бойынша айдар жұмыс істейді және үнемі жаңартылып отырады, Тексеру комиссиясының ағымдағы жұмысы жарияланады.

Тексеру комиссиясы елордадағы сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың уәкілетті органы ретінде өз құзыреті шеңберінде жоғары аудиторлық палатамен, мәслихатпен, атқарушы органдармен, құқық қорғау органдарымен, қоғамдық ұйымдармен және азаматтармен өзара іс-қимыл жасайды.

Атап айтқанда, Астана мәслихатымен және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл мәслихаттың қарауына жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепті ұсынуда, ол өзінің мазмұны бойынша жергілікті атқарушы органның тиісті есебіне қорытынды болып табылады, сондай-ақ аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелерін Астана қаласының мәслихатына және Астана әкімі аппаратына ұсынуда жүзеге асырылады.

Бұдан басқа, мәслихат депутаттары аудиторлық іс-шаралардың қорытындыларын қарау жөніндегі Тексеру комиссиясының отырыстарына қатысады, тексеру комиссиясының төрағасы мен мүшелері, аппарат басшысы мәслихаттың және оның тұрақты комиссиясының, сондай-ақ қаланың қоғамдық кеңесінің сессиялары мен отырыстарына қатысады.

Өз кезегінде, Жоғары аудиторлық палатамен өзара іс-қимыл өз жұмысы туралы тоқсан сайын ақпарат беру, қатар және бірлескен тексерулер жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының Үйлестіру кеңесіне ұсыныстар беру болып табылады.

 

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен өзара іс-қимыл бөлігінде тексеру комиссиясы олардың қызметін жақсарту үшін аудиторлық іс-шаралар мен ұсынымдардың қорытындылары бойынша бұзушылықтар мен кемшіліктерді қарау бойынша бірлескен кеңестер өткізеді.

Тексеру комиссиясы кадрлық әлеуетті нығайтуға маңызды көңіл бөлетінін атап өткен жөн, бұл бағытта да шаралар қабылдануда. Мысалы, 2023 жылы 7 қызметкер «Зерттеу, талдау және есептілік орталығы» ЖШС-де оқудан өтті, сондай-ақ 6 қызметкер  Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасында және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оқудан өтті.

Меритократия қағидаты негізінде соңғы жылдары Тексеру комиссиясының 5 қызметкері – Ақтөбе, Жетісу және Түркістан облыстары бойынша Тексеру комиссиясының 3 төрағасы, Ұлытау облысы мен Астана қаласының Тексеру комиссиясының 2 мүшесі жоғары лауазымдарына тағайындалды.

Құқықтық жалпыға бірдей оқыту шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді зерделеу және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау тұрақты негізде қамтамасыз етіледі.

Жыл сайын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен семинар-кеңестер өткізіледі.

Ағымдағы 2024 жылы Астана қаласы бойынша тексеру комиссиясы бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды жалғастыратын болады. 19 іс-шара, оның ішінде 488,8 млрд.теңгені қамтитын 57 объектіде 16 аудиторлық іс-шара, 3 сараптамалық-талдамалық іс-шара өткізу жоспарлануда.