Дене шынықтыру және спорт саласындағы ұйымдар қызметкерлерінің еңбекақысын арттыруға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары
2021 жылғы 27 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысы өтті.
Отырыста «Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі- Спорт басқармасы) және ведомстволық бағынысты 4 ұйымда Дене шынықтыру және спорт саласындағы ұйымдар қызметкерлерінің еңбекақысын арттыруға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары талқыланды.
Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша Спорт басқармасы мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың тарапынан жіберілетін жүйелі бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды.
Спорт басқармасы тарапынан бюджеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде көзделген іс-шаралар тұтастай орындалған, бұл ретте мемлекеттік аудитпен қамтылған екі бюджеттік бағдарлама бойынша негізгі көрсеткіштерге қол жеткізуіне қарамастан, бюджеттік бағдарламалар нысандарына қойылатын талаптарды сақтамау, бюджеттік бағдарламалар басшыларының лауазымдық нұсқаулықтарында бюджеттік бағдарламаны сапалы жоспарлау мен орындауды қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды бекітпеу бойынша бірқатар қайталанатын жүйелі бұзушылықтар мен кемшіліктер бар.
Спорт мектептерінде кадрлардың тұрақтамауы байқалады, сонымен қатар қызметкерлерді қабылдау кезінде ұжымдық шартпен және оларды тағайындау туралы бұйрықтармен таныстыру жөніндегі қызметкердің құқықтары бұзылып, еңбек заңнамасының нормалары сақталмайды.
Бюджеттік өтінімдерді дайындау кезінде бюджет қаражатын жоспарлаудың рәсімдік сипатындағы бұзушылықтарға жол берілген, жекелеген жағдайларда 52,4 млн.теңге сомасына бюджеттік өтінімдерде қамтылған есептерге ақпараттың анықтығы қамтамасыз етілмеген, бұл бюджеттік бағдарламалардың шығыстарының сапалы жоспарланбайтынын көрсетеді.
Атап өту керек, аудит кезінде бюджеттік өтінімдерде жаттықтырушы - педагогтар мен медицина қызметкерлерінің ставкаларының санын арттыру фактілері анықталды, сондай-ақ ерекше еңбек жағдайлар үшін үстемеақылар төлеу жөніндегі шығындардың негізділігін растайтын құжаттар жоқ.
Спорт мектептерінің құрылтай құжаттарында спорт түрлері бойынша мәліметтерді көрсету жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар орын алған, сондай-ақ қызметкерлермен жасалған ұжымдық және еңбек шарттарында еңбектің ерекше жағдайларын белгілеу нормалары мен тәртібі жоқ екендігі анықталды, бұдан басқа жаттықтырушы-педагогтар, спорт мектептерінің басшылары мен басшыларының орынбасарлары, әдіскерлер үшін белгіленген оқу жүктемелерінің мөлшері көрсетілмейді.
Бұрын 2020 жылы жергілікті бюджет қаражатынан төленген ерекше еңбек жағдайлары үшін үстемеақыларды заңсыз қосу есебінен қаржыландыру көлемін арттыру фактілері анықталды. Кейбір жекелеген жағдайларда спорт мектептерінде Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп заңнамасының нормалары сақталмайды.
Аудит нәтижелері бойынша 106 600,4 мың теңге сомаға бюджет қаражатын пайдалану кезінде өтеуге тиіс қаржылық бұзушылық анықталды, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау сомасы 111 301,3 мың теңгені құрады, сондай-ақ 71 рәсімдік бұзушылық пен 18 кемшілік анықталды.
Тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша аудит объектісіне анықталған кемшіліктерді, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, қолданыстағы заңнаманы бұзуға жол берген лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды, сондай-ақ өзге де бірқатар тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.